---
title: "Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде"
description: "Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-12-01T23:48:38+00:00"
modified: "2015-12-01T23:48:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-ekspo-2017-ge-yelderdi-atysu-t-zhyrymdamasy-zirlenude-664909"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-ekspo-2017-ge-yelderdi-atysu-t-zhyrymdamasy-zirlenude-664909/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде

> Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара...

Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге әйелдердің қатысу тұжырымдамасы әзірленуде, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Әйелдердің IV Еуразиялық саммиті барысында.

« «Жасыл экономиканы» қолдау мен әйелдердің ЭКСПО-2017-ге қатысу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы арасында әйелдердің ЭКСПО-2017-ге қатысу тұжырымдамасы әзірленуде, осы орайда 150 шара ұйымдастырылмақ», – деді ол.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтеді. Көрме тақырыбы – «Болашақтың энергиясы».

«Бүгінгі саммиттің делегаттары ЭКСПО-2017 қозғалысының белсенді қатысушылары болады деп үміттенем», – деді Г.Әбдіқалықова.

Айта кетейік, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы – елдің тұңғыш әйелдер ұйымы. Бүгінде Қауымдастық 15 мың әйелдің басын біріктіріп отыр. 20 жыл ішінде Қауымдастық жүздеген әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асырды.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12372

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-ekspo-2017-ge-yelderdi-atysu-t-zhyrymdamasy-zirlenude-664909](https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-ekspo-2017-ge-yelderdi-atysu-t-zhyrymdamasy-zirlenude-664909)