---
title: "Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін 6,7 мың км автожол салынады"
description: "Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін 6,7 мың км автожол салынады, деді Үкімет отырысында Ұлттық экон..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-10-05T05:12:11+00:00"
modified: "2016-10-05T05:12:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-2020-zhyldy-so-yna-deyin-6-7-my-km-avtozhol-salynady-716164"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-2020-zhyldy-so-yna-deyin-6-7-my-km-avtozhol-salynady-716164/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін 6,7 мың км автожол салынады

> Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін 6,7 мың км автожол салынады, деді Үкімет отырысында Ұлттық экон...

Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін 6,7 мың км автожол салынады, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Астананы өңірлермен байланыстыратын тиімді өңіраралық жол желісін құру үшін 2015 жылдан 2020 жылға дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 6,7 мың жол қайта жөнделіп, төселеді», - деді Қ.Бишімбаев.

2015-2016 жылдары автожолдарды қайта жөндеу үшін 329,3 млрд теңге бөлінді.

«2015 жылғы қаражат толық игерілді. Ол 456 шақырым жолды жөндеуге мүмкіндік берді. Биыл 151 млрд теңге бөлінді, оның 96 млрд теңгесі толық геріліп, жол-құрылыс жұмыстарымен 1 мың км автожол қамтылды. Жыл соына дейін 920 км автожолда құрылыс аяқталмақ», - деді министр.

Биыл «Ақтау-Бейнеу» учаскесінің барлық бөлігінде қозғалыс ашылады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына 2400 адам тартылған, оның 59-ы шетелдік маман. Құрылыс материалдарының 85% Қазақстанда шығарылған. Атап айтқанда, битумды - «Каспи Битум» ЖШС-і (Маңғыстау облысы), цементті – «Каспи Цемент» ЖШС-і (Маңғыстау облысы) өндіреді. Ал темір-бетон бұйымдары Ақтөбе мен Алматыда жасалған.

Республикалық маңызы бар А-33 «Атырау–Актау» автокөлік жолы Маңғыстау облысының теңіз портын еліміздің басқа аймақтарымен байланыстыратын жалғыз автокөлік бағыты болып табылады. Сонымен бірге, ОААЭЫ (Орталықазиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық) дәлізінің негізгі учаскесі ретінде үлкен транзиттік әлеуетке ие.

« «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы экономика мен жұмыспен қамтудың негізгі қозғаушы күшіне айналды. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру 2015 жылы 1,3 пайыздық пунктіні құрады. Биыл 1,2 п.п. көрсеткішінде бағаланып отыр. 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 769,6 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 503,4 млрд теңге мақсатты трансферт ретінде республикалық бюджетке және 266,2 млрд теңгесі облигациялық қарыз арқылы ұлттық холдингтерге бағытталады», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрліктің мәліметі бойынша, мақсатты трансфер бойынша қаржыландыру жоспары бойынша 331 млрд теңге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен 324 млрд теңге игерілді.

«Облигациялық қарыз 2016 жылғы 266,2 млрд теңге бойынша 210,7 млрд теңгенің келісімі орнатылып, 84 млрд теңге игерілді. Бағдарлама бойынша 409 млрд теңге игерілді», - деді ол.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-2020-zhyldy-so-yna-deyin-6-7-my-km-avtozhol-salynady-716164](https://yvision.kz/kk/post/aza-standa-2020-zhyldy-so-yna-deyin-6-7-my-km-avtozhol-salynady-716164)