---
title: "Қазақстан – ЖІӨ көрсеткіші бойынша Орта Азия елдері ішіндегі көшбасшы"
description: "Жақында көптеген ақпараттық БАҚ Дүниежүзілік даму банкі әртүрлі елдердің жыл сайынғы экономикалық ре..."
author: "Otegen7"
published: "2013-07-19T04:17:00+00:00"
modified: "2013-12-10T09:29:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zhi-k-rsetkishi-boyynsha-orta-aziya-elderi-ishindegi-k-shbasshy-388983"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zhi-k-rsetkishi-boyynsha-orta-aziya-elderi-ishindegi-k-shbasshy-388983/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан – ЖІӨ көрсеткіші бойынша Орта Азия елдері ішіндегі көшбасшы

> Жақында көптеген ақпараттық БАҚ Дүниежүзілік даму банкі әртүрлі елдердің жыл сайынғы экономикалық ре...

Жақында көптеген ақпараттық БАҚ Дүниежүзілік даму банкі әртүрлі елдердің жыл сайынғы экономикалық рейтингін шығарды деген жаңалық таратты. Еске сала кетейік, бұл халықаралық қаржылық мекеме 1945 жылы дамып жатқан елдерді қаржылық және техникалық көмекпен қамсыздандыру мақсатында құрылған. Қызмет еткен жылдарынан бастап, Дүниежүзілік банктың ықылас аясы мен мүддесі елеулі түрде ұлғайды.

![Қазақстан – ЖІӨ көрсеткіші бойынша Орта Азия елдері ішіндегі көшбасшы](https://storage.yvision.kz/images/user/infosurfer/3X42U89XMxe5HY9X3ayV75f7ORfGe9.jpg)

Жыл сайын, Дүниежүзілік банк экономикалық зерттеулер мен әлем елдерінің қаржылық және экономикалық ахуалдарының рейтингін баспаға шығарады. Кейбір елдердің осы мекемеге ерекше қарым-қатынасына қарамастан, Дүниежүзілік банктың шығарған мағлұматтары сенімді әрі басқа елдер мен аймақтардың экономикалық ахуалдарын объективті бағалайтын көзі деп саналады. «Әлем елдерінің 2013 жылға арналған халық басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіштерінің рейтингі» деген соңғы баяндамаға сүйенсек, Қазақстан Орта Азия елдерінің ішінде халық басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші ең жоғары ел деп айқындалған. Абсолюттік цифрмен бұл 9730 АҚШ долларын құрайды. Мысал ретінде мен Орта Азияның басқа елдерінің мағлұматтарын аламын. Бұл цифр Түркменстанда 5550 долларды, Өзбекстанда – 1650 долларды, Қырғызстанда – 990 долларды құрайды.

![Қазақстан – ЖІӨ көрсеткіші бойынша Орта Азия елдері ішіндегі көшбасшы](https://storage.yvision.kz/images/user/infosurfer/nvj4nyES8NEKsgMK5xB5R56hk93GP3.jpg)

Бүкіл әлем елдері арасында халық басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері жоғары көшбасшыларына - Монако, бестікке тағы Лихтенштейн, Бермуд аралдары, Норвегия және Швейцария кіреді. Дүниежүзілік банктың нұсқауы бойынша, АҚШ 50,1 мың доллар көрсеткішімен 18-ші орында. Ал, ең кедей ел Конго Республикасы болды. Оның халық басына шаққандағы кірісі 220 АҚШ долларын құрады. Нәтиже тұрғысында, 136 әлем елдері ішінен Қазақстан 89-шы орынды иеленді. Бізден төмен сатыда Украина, оның нәтижесі адам басына 3500 АҚШ долларын құрады. Осы рейтинг мағлұматтарына сүйенсек, Дүниежүзілік банк елдерді шартты түрде төрт санатқа бөледі. Ең кедей елдер қатарына, жалпы мемлекеттік кірістің халық басына шаққандағы 1035 доллардан кем, орташадан төмен адам басына 1 036 дан 4 085 долларға дейін, орташан жоғары – 4 086 дан 12 615 долларға дейін және жоғарғы кіріс – 12 616 доллардан аса келетін елдер жатады, Осылайша, Қазақстан орташа позицияларға ие болып, орташадан жоғары санатына кіреді. Көрсеткіштерге сәйкес, жақын болашақта бұл межеден аттап өтіп, жоғары кірісті мемлекеттер санатына еніу ықтимал.

![Қазақстан – ЖІӨ көрсеткіші бойынша Орта Азия елдері ішіндегі көшбасшы](https://storage.yvision.kz/images/user/infosurfer/TFs4misREM5X96ClarqVBGu2z9KtzW.jpg)

Статистика сәфкес, сыңғы 15 жылда адам басына шаққандағы ЖІӨ Қазақстанда 1998 жылғы 1 500 АҚШ долларынан қызіргі таңдағы 9,7 мың долларға жеткен. Экономиканың абсолюттік өлшемі бойынша біз 48-ші орындамыз. Біздің көрсеткіш 233,3 млд. АҚШ долларын құраған. Бірінші орында, әрине, $15,6 трлнмен АҚШ, одан кейін Қытай ($12,4 трлн.), Үндістан (шамамен $4,8 трлн.) және Жапония - $4,5 трлн. Егер ТМД-дағы жақын көршілеріміз туралы айтатын болсақ, Ресей $3,4 трлн көрсеткішімен бесінші орында, Украина $338,2 млрд. нәтижесімен 38-ші орында ал, Белорусия рейтинг $147,4 млрд.көрсеткішімен 58-ші орында. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан елеулі экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп, экономикалық дамуы орташа мемлекеттердің қатарына кіреді. Әрине, көрсеткіштерге сәйкес, бізге қол жеткізген жетістіктерде тоқтап қалуға болмайды. Біздің баратын жеріміз бар, ұмтылатын мақсатымыз бар. «Қазақстан 2050» стратегиясын, тиімді даму бағдарламалары мен индустриализацияның жаңа толқынын жүзеге асыру, біздің елімізге алға қарай сенімді қадамдар жасап, жоғарыда көрсетілген жетістіктерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zhi-k-rsetkishi-boyynsha-orta-aziya-elderi-ishindegi-k-shbasshy-388983](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zhi-k-rsetkishi-boyynsha-orta-aziya-elderi-ishindegi-k-shbasshy-388983)