---
title: "Қазақстан жастары туралы 5 қызықты факт. 2-бөлім"
description: "Факт-3. Жастар оқуды да ұнатпайды. Көптеген жастар болашақ мамандықты таңдауға саналы түрде қарамайд..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-06-19T16:22:37+00:00"
modified: "2018-06-19T16:29:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zhastary-turaly-5-yzy-ty-fakt-2-b-lim-807682"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zhastary-turaly-5-yzy-ty-fakt-2-b-lim-807682/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан жастары туралы 5 қызықты факт. 2-бөлім

> Факт-3. Жастар оқуды да ұнатпайды. Көптеген жастар болашақ мамандықты таңдауға саналы түрде қарамайд...

Факт-3. Жастар оқуды да ұнатпайды. Көптеген жастар болашақ мамандықты таңдауға саналы түрде қарамайды. Көптеген жастар оқуға ынталы емес, одан ешқандай пайда көрмейді және білім беру үдерісіне ресми түрде қарайды.

Олар диплом алу үшін ғана оқиды деуге болады, себебі онсыз жұмыс табу қиын. Болашақ мамандықты таңдау туысқандардың, достардың және, өкінішке орай, стереотиптердің әсерімен жүзеге асады.

Жастар көбінесе қандай да бәр беделді мамандықты таңдағанда ол көп табыс көзі деген қате болжам жасайды, олардың ойынша сол мамандықтың иесі болу арқылы ғана көп табысқа кенелуге болады. Алайда ата-аналар да, абитуренттер өздері де еңбек нарығын сараптап жатпайды. Олар көптеген беделді деген мамандықтардың өз беделін жоғалтқандарын біле бермейді.

Оқуға деген ұмтылысты азайтатын тағы бір фактор сапалы білімнің жоқтығы болып табылады. Көптегенжастар шетелдік ЖОО-ларды Қазақстанға қарағанда жақсы деп санайды.

4-факт. Қоныс аударуға деген ұмтылыс жастар арасында көп. Зерттеу бойынша, жас қазақстандықтар өте көп (шамамен 41%) Қазақстаннан шетелге бару немесе шетелде білім алу туралы ойлайды. Мұндай сезімнің негізгі себептері экономикалық сипатқа ие. Ең жақсы жұмысқа, мансаптық перспективаға шет елдерде мүмкіндік көбірек деген пікір қалыптасқан. Сонымен бірге Қазақстаннан кетуге деген ұмтылыс аймақ бойынша ерекшеленеді. Сонымен, солтүстік өңірлерде елден кетуге деген ұмтылыс жоғары. Ал қазақ жастары арасында елден кетуге деген ұмтылыс аз.

5 факт. Отандық жастар мобильді бола түсуде және саяхат жасауды қалайды. Жастар саяхаттауды армандайды, ал саяхат маңызды жоспарлардың тізімінде үшінші орынды алады (отбасы құру мен жұмыс істегеннен кейін). Әлемді көруге деген ықылас жастарымызға әсер етеді. Олар алыс шетелдерге (Еуропа, Египет, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония және т.б.) және ТМД елдеріне (әсіресе Ресейге) баруға ұмтылады.

Шетелге (негізінен аймақтардан келген жастарға) шығуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін Астана, Алматы қалаларына немесе жергілікті курортқа бару да кішігірім саяхат болып табылады. Жалпы, жастар мобильді бола түсуде. Аумақтық шекаралар олар үшін аса маңызды емес. Телекоммуникация, Интернет және БАҚ-тардың дамуы олардың айналасында бүкіл әлем бар екенін көрсетеді және олар, әрине, оның бәрінің дәмін татуға тырысады.

Авторлар: Петр Вальтер (BRIF Research Group), Дмитрий Казаков (аналитик)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zhastary-turaly-5-yzy-ty-fakt-2-b-lim-807682](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zhastary-turaly-5-yzy-ty-fakt-2-b-lim-807682)