---
title: "Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 15 позицияға көтерілді"
description: "Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Швейцария, Лозанна) Жаһандық бәсекеге қабілеттілі..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2017-08-05T07:24:43+00:00"
modified: "2017-08-05T07:24:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zha-andy-b-sekege-abilettilik-reytingisinde-15-poziciya-a-k-terildi-774878"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zha-andy-b-sekege-abilettilik-reytingisinde-15-poziciya-a-k-terildi-774878/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 15 позицияға көтерілді

> Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Швейцария, Лозанна) Жаһандық бәсекеге қабілеттілі...

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Швейцария, Лозанна) Жаһандық бәсекеге қабілеттілік зерттеу орталығы 2017 жылы 31 мамырда Жаһандық бәсекеге қабілеттілік нәтижелерін жариялады.

![Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 15 позицияға көтерілді](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/L3Wh5uxLbG0HPmquzQYPbFwxc9I3xJ.jpg)

IMD рейтингі елдердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін салыстыратын ең беделді және танымал құралдардың бірі болып табылады. IMD бағалау әдістемесі ұлттық қоршаған ортаның бәсекеге қабілеттілігін 4 фактор бойынша зерттеуге негізделген: Экономикалық белсенділік; Үкімет тиімділігі; Бизнес тиімділігі; Инфрақұрылым. Факторлардың әрқайсысы 20 субфакторлан тұрады, олардың әрқайсысының салмағы 5% ды құрайды.

Рейтинг 342 көрсеткіш бойынша құрылады, олардың 2/3 статистикалық деректерге, 1/3 сауалнамаға негізделге. Қазақстан алғаш рет бұл рейтинг бойынша 2008 жылы бәсекеге түскен еді. IMD 2017 жылғы рейтингі бойынша, Қазақстан 15 сатыға жоғарылап, Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32-ші орынға ие болды. Осылайша Қазақстан 2014 жылғы позициясына қайта көтерілді (2014 жылы – 32 орын, 2015 жылы – 34 орын, 2016 жылы – 47 орын). Сонымен қатар,, IMD-2017 рейтингінде өз позициясын жақсартқан елдердің арасында ең ірі секірісті Қазақстан жасады. Мәселен, Қытай 7 сатыға, Индонезия 6 сатыға, Біріккен Араб Әмірліктері 5 сатыға көтерілген.

2017 жылы әлемдік рейтингте 63 ел бағаланды. Бәсекеге барынша қабілетті елдер Гонконг, Швейцария, Сингапур болды, және соңғысы АҚШ-ты үшінші орыннан жылжытты. Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан келесі елдерден жоғары тұр, Испания (34-орын), Италия (44-орын), Индия (45-орын), Ресей (46-орын) және Түркия (47-орын). IMD елдердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі рейтингінде Қазақстан 4 фактордың екеуі бойынша жақсы деңгей көрсетуде, «Үкіметтің тиімділігі» (19-орын, 12 сатыға жоғарылаған) мен «Бизнес орындау» (23-ші орын, 21 сатыға жоғарылаған). Осы факторлардың аясында Қазақстанның ұстанымын жақсы өсуі байқалады. Расында, бүгінде елімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін көптеген бастамалар қолға алынды, бизнес ортаға қолайлы жағдай жасау басты назарда. Осы субфакторлардың аясында Қазақстанның ұстанымын ең жақсы өсімі Фискалды саясат «Мемлекеттік қаржы» (4-ші орын, 47 сатыға жоғарылау) мен «Менеджмент» (14-орын, 32 сатыға жоғарылау) салаларында байқалады. Қазақстанның әлсіз позицияларына келсек, «Инфрақұрылым» (43-ші орын, 5 саты төмен) және «Экономикалық қызмет» (54-ші орын, 2 саты төмен) факторлары.

Шағын және кіші бизнес ұлттық экономиканың алға жетелеуші күшіне айналуда. «Инфраструктура» факторы бойынша, 5 көрсеткіштің 4-еуінде өсім байқалады. Олар – «Негізгі инфрақұрылым» (10 позицияға жақсарды 32-ші орын,), «Технология Инфрақұрылым» (4 позицияға жақсарды, 43-ші орын), «Қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау» (53-ші орын, 2 позицияға жақсарды) және «Білім беру» (35-орын, 9 позицияға жақсарды). «Ғылыми инфрақұрылым» факторы бойынша (49-орын, 1 көрсеткішке төмендеу) нашарлау байқалды. Демек, елімізде ғылым саласын дамыту турасында іс-шаралар қабылдау керек.

Қазақстан қосалқы факторлардың көпшілігі бойынша өз позицияларын көтерген: 20-ның 15-сі өсімді көрсетсе, 4-уі бойынша позициялар төмендеген, ал бір қосалқы фактор бойынша позиция өзгеріссіз қалған. Сауалнама нәтижелеріне қатысты, сұралғандардың пікірі бойынша Қазақстан экономикасының анағұрлым тартымды факторларының санына саясаттардың/жағдайдың тұрақтылығы мен болжауға болатындығы , қолайлы бизнес-орта және салық салудың бәсекеге қабілетті жүйесі жатады. Аз тартымды факторларға құқықтық жүйенің тиімділігі , корпоративтік басқарудың сапасы және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің мәдениеті жатқызылды. Сауалнама қорытындысы бойынша, респонденттердің пікірінше, Қазақстан экономикасының ең тартымды факторларының бірі болып тұрақтылық пен болжамдылығын саясат / қоршаған ортаға (62%), қолайлы бизнес-ортаны (54%) және бәсекеге қабілетті салық жүйесін (44%) табылады:

Сонымен қатар, IMD рейтингін құру барысында биылғы жылы өзгеріс енгізілді. Бірінші рет қосымша есеп жарияланып, онда елдердің цифрлық бәсекеге қабілеттілігінің жекелеген рейтингі келтірілген. Сондықтан, елдер енді IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингтерінде 2 позицияға ие. 2017 жылғы зерттеу қорытындылары бойынша IMD цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 38-орын алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 сатыға жақсартуды көрсетеді. IMD-2017 цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі көшбасшылар елдер ондығына келесі елдер: Сингапур, Швеция, АҚШ, Финляндия, Дания, Нидерланды, Швейцария, Канада және Норвегия енді. Бұл рейтингте Қазақстан: «Технологиялар» (35-орын), «Болашаққа дайындық» (38-орын), «Білім» (40-орын) факторлары бойынша өсімді көрсетті.

Осылайша, өткен жылғы рейтингтің нәтижесімен жұмыс істеп, ұлттық экономиканың белсенділігін қалпына кетірудің және оның экономикалық көрсеткіштерінің өсуінің арқасында Қазақстан IMD дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде өз көрсеткіштерін едәуір нығайтты. Бұдан бөлек, позициялардың жақсаруына елде жүргізіліп жатқан институционалдық реформалар да ықпал етті.

Осы ретте елбасының «Үшінші жаңғыру. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бағдарламасы маңызды. Экономиканың технологиялық жаңғыртуды жеделдету экономиканың цифрландыру, бизнеске жүктемені төмендету сияқты бәсекеге қабілеттілікті жоғарылататын факторлар осы бағдарламанынң негізі болып табылады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі міндетті түрде ел ішіндіг жағдайдың жақсы болуы керек деген міндеттен туындамайды, өзгерістер сыртқы факторлар әсерінен болуы да мүмкін. Мысалы, біздің бәсекеге қабілеттілігіміздің жоғарылауы басқа елдің көрсеткіштерінің нашарлауы салдарынан да болуы әбден мүмкін. Басқаша айтқанда, біздің елде даму байқалады, ол мемлекеттің дамуымен, экономикасын дұрыс бағытқа қойып, жақсы жұмыс жүргізуімен бірге, әлемдік дағдарыстың әсерінен ббасқа елдердің көрсеткіштерінің төмендеуі болуы мүмкін.

[Ақпарат көзі](https://kapital.kz)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zha-andy-b-sekege-abilettilik-reytingisinde-15-poziciya-a-k-terildi-774878](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zha-andy-b-sekege-abilettilik-reytingisinde-15-poziciya-a-k-terildi-774878)