---
title: "«Қазақстан» және «Кazsport» телеарналары қазақстандық футбол клубтарының израильдіктермен және словениялықтармен кездесулерін көрсетеді"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы спорт жанкүйерлеріне және еуропалық футбол ж..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-07T23:25:45+00:00"
modified: "2015-07-07T23:25:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zh-ne-kazsport-telearnalary-aza-standy-futbol-klubtaryny-izraildiktermen-zh-ne-sloveniyaly--519499"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zh-ne-kazsport-telearnalary-aza-standy-futbol-klubtaryny-izraildiktermen-zh-ne-sloveniyaly--519499/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» және «Кazsport» телеарналары қазақстандық футбол клубтарының израильдіктермен және словениялықтармен кездесулерін көрсетеді

> АСТАНА. ҚазАқпарат — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы спорт жанкүйерлеріне және еуропалық футбол ж...

# [!\[\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/photo_61259-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/photo_61259.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы спорт жанкүйерлеріне және еуропалық футбол жарысында қазақстандық клубты қолдайтындарға сыйлық жасамақшы.

Еурокубоктың қонақ матчын көрсету туралы шетелдік серіктестермен келісімге қол жеткізілді.

Қазақстандық және израильдік футбол клубтары 9 шілде күні еуропа Лигасының бірінші білікті раунды шеңберінде Иерусалимде кездесу өткізеді.

Алаңда «БЕЙТАР» (Израиль-Иерусалим) және «ОРДАБАСЫ» (Қазақстан-Шымкент) бақ сынасады. Астана уақыты бойынша 22.50-де «Кazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал 10 шілде күні осы телеарнада сағат 10.00 және 22.00-де тікелей эфирде көре алмаған жанкүйерлер үшін ойынның қайталауы болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл қарсыластар арасындағы екінші матч болмақшы. 2 шілде күні құрамалар Шымкентте өзара кездесу өткізген болатын. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

14 шілдеде сағат 00.30-да «Қазақстан» ұлттық телеарнасы елордалық «Астана» мен Словенияның «Марибор» футбол клубы арасында өтетін кездесуді тікелей эфирде көрсетсе, 15 шілдеде «Кazsport» телеарнасы сағат 10.00 және 22.00-де тікелей эфирде көре алмаған жанкүйерлер үшін ойынның қайталауын ұйымдастырады, деп хабарлайды «Қазақстан» телерадиосының баспасөз қызметі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zh-ne-kazsport-telearnalary-aza-standy-futbol-klubtaryny-izraildiktermen-zh-ne-sloveniyaly--519499](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zh-ne-kazsport-telearnalary-aza-standy-futbol-klubtaryny-izraildiktermen-zh-ne-sloveniyaly--519499)