---
title: "Қазақстан үздік мемлекеттер тізімінде 70-ші орынға ие болды"
description: "U.S. News & World Report журналы нұсқасы бойынша, Қазақстан әлемдегі ең үздік елдер рейтингінде 70-ш..."
author: "Zhanalyktar"
published: "2018-01-26T04:08:35+00:00"
modified: "2018-01-26T04:10:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zdik-memleketter-tiziminde-70-shi-oryn-a-ie-boldy-794112"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zdik-memleketter-tiziminde-70-shi-oryn-a-ie-boldy-794112/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан үздік мемлекеттер тізімінде 70-ші орынға ие болды

> U.S. News & World Report журналы нұсқасы бойынша, Қазақстан әлемдегі ең үздік елдер рейтингінде 70-ш...

U.S. News & World Report журналы нұсқасы бойынша, Қазақстан әлемдегі ең үздік елдер рейтингінде 70-ші орынға ие болды.

80 ел бағаланды. Үздіктер тоғыз критерийге сәйкес таңдалды: туризм, мәдениет, тарихи мұра, саяси салмақ, бизнеске ашықтық, кәсіпкерлік, халықтың жалпы өмір сүру деңгейі, экономиканың өсу қарқыны және өмір сүру сапасы.

Нәтижесінде Швейцария барлық параметрлер бойынша бірінші орынды иеленді.

Канада, Германия, Ұлыбритания және Жапония елдері үздік бестікке енді.

Рейтингті ұйымдастырушы Құрама Штаттар тек жетінші орынды иеленді.

Әлемдік аренада қарқынды дамып жатқан Қытай 20-шы орынды иеленді.

ТМД елдеріндегі көршілеріміз келесі орындарға ие болды: Ресей - 26, Украина - 69, Беларусь - 72.

Қазақстан Гана, Оман, Пәкістан және Ливанның алдын орап 70-ші орынға ие болды.

Алжир рейтингті түйіндеді. Ол ең жақсы елдердің ең нашары болып танылды.

Айта кету керек, Орталық Азия елдерінің көбі бастапқыда рейтинг құрастырушылармен қаралмады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Армения.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Қазақстан Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде 36-шы орынды иеленді, ол бизнес жүргізудің қарапайымдылығын бағалайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zdik-memleketter-tiziminde-70-shi-oryn-a-ie-boldy-794112](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-zdik-memleketter-tiziminde-70-shi-oryn-a-ie-boldy-794112)