---
title: "Қазақстан Туы Геннадий Головкиннің аяғының астында жатуы керек пе?"
description: "Геннадий Головкин жақында \"Jordan Brand\" спорт атрибутымен серіптес болғаннан кейін, бренд атынан оғ..."
author: "mudin"
published: "2016-04-18T11:37:07+00:00"
modified: "2016-04-18T11:40:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-tuy-gennadiy-golovkinni-aya-yny-astynda-zhatuy-kerek-pe-689703"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-tuy-gennadiy-golovkinni-aya-yny-astynda-zhatuy-kerek-pe-689703/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Туы Геннадий Головкиннің аяғының астында жатуы керек пе?

> Геннадий Головкин жақында "Jordan Brand" спорт атрибутымен серіптес болғаннан кейін, бренд атынан оғ...

Геннадий Головкин жақында "Jordan Brand" спорт атрибутымен серіптес болғаннан кейін, бренд атынан оған кішігірім сыйлық жасалды. Нақтырақ айтқанда табанында Қазақ елінің Туы бейнеленген кроссовки. 23 сәуір американдық Доминик Уэйдпен болатын сайысқа дайындық барысында табысталған сыйын көріп Геннадий өз қуанышын жасырмады.

Енді менің жаныма батып бара жатқаны біздің Тудың аяқ киімге бейнеленуі. Қазақстан Республикасының Туы біреудің табанында жүргені дұрыс па? Елге, жерге деген құрметтің осындай болғаны ма? Ей, айналайын-ау ТУ деген халықтың даңқын, асқақ абыройын көрсететін "куәлік" емес па? Ол аспанда қалқып жүруі керек қой.

Өз басым брендтің сыйлығын кимек түгілі қабылдамайтын да едім. Жоқ, мен Геннадий Головкинге қарсы шығып отырғаным жоқ. Ол кісіні өте қатты сыйлаймын, тіпті еліміздің атын әлемге әйгілі етіп жүргеніне үлкен рақмет айтамын! Бірақ, егер елінің шынымен МЕНМІН деген ЖІГІТІ болса, елінің абыройын ойлайтын ба еді...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/iLWBRDJ8o7k3o9L9Ort1m93XcXy2t2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-tuy-gennadiy-golovkinni-aya-yny-astynda-zhatuy-kerek-pe-689703](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-tuy-gennadiy-golovkinni-aya-yny-astynda-zhatuy-kerek-pe-689703)