---
title: "Қазақстан туралы Амин! Алжир."
description: "Алжир. Керемет халық, арабтар емес. Мемлекеті де әдемі. Тілдері араб және француз. Одан бөлек өздері..."
author: "khanazim"
published: "2014-05-14T08:00:26+00:00"
modified: "2016-06-14T03:57:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-turaly-amin-alzhir-413573"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-turaly-amin-alzhir-413573/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан туралы Амин! Алжир.

> Алжир. Керемет халық, арабтар емес. Мемлекеті де әдемі. Тілдері араб және француз. Одан бөлек өздері...

**Алжир**. Керемет халық, арабтар емес. Мемлекеті де әдемі. Тілдері араб және француз. Одан бөлек өздерінің туған тілдері бар. Африкадағы ең үлкен мемлекет. Кезінде Судан болатын, қазір екіге бөлініп кеткендіктен **Алжир** әлемде территориясы ең үлкен 10-шы мемлекет. **Алжир** АҚШ тәуелсіздіген мойындаған ең алғашқы мемлекеттердің бірі екен.

![Қазақстан туралы Амин! Алжир.](https://storage.yvision.kz/images/user/yalmanov/iIuNa7jQ0TEo6UFvyY3RZS9rZ0Gp48.jpg)

Амин бауырымыз **қазақ** халқын тура Алжир халқы сияқты дейді. Осыдан 1-2 ай бұрын қазақ студенттерімен таныстырып едім: "Қазақтар да Алжирлықтар сияқты танымайтын адамға жылы жүзбен қарайды екен және қонақжай"-деді. Амин мен білетін шетелдіктердің ішінде қазақша "**бауырым**" деген сөзді тап-таза айтатын бірден-бір жігіт. Бір қызығы тек қазақтарға ғана емес малайларға да, үндістерге де, индонезиялықтарға да, тіпті морокколықтарға да "бауырым" деп айтады. Оны кім түсініп жатыр? (^_^) Алайда құлағыңа жағымды естіледі екен, кем дегенде "брат" не "братан" дегеннен әлдеқайда жақсы.

Аминнің де бір күні Қазақстанға келмек ойы бар. Не дейміз? Құдай қаласа! Әумин!)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-turaly-amin-alzhir-413573](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-turaly-amin-alzhir-413573)