---
title: "«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жеңімпаздар туралы арнайы шығарған жинақтың ең алғашқы басылымын Ұлттық Музейге сыйға тарту етті"
description: "«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова жеңімпаздар туралы арна..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-05-19T23:09:56+00:00"
modified: "2015-05-19T23:09:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-teleradiokorporaciyasy-zhe-impazdar-turaly-arnayy-shy-ar-an-zhina-ty-e-al-ash-y-basylymyn-l-502697"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-teleradiokorporaciyasy-zhe-impazdar-turaly-arnayy-shy-ar-an-zhina-ty-e-al-ash-y-basylymyn-l-502697/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жеңімпаздар туралы арнайы шығарған жинақтың ең алғашқы басылымын Ұлттық Музейге сыйға тарту етті

> «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова жеңімпаздар туралы арна...

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова жеңімпаздар туралы арнайы шығарылған жинақтың алғашқы басылымын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне сыйға тарту етті.

![«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жеңімпаздар туралы арнайы шығарған жинақтың ең алғашқы басылымын Ұлттық Музейге сыйға тарту етті](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/FrNAS8ZZRORHZlpnQTCwY7d3H0lBp9.jpg)

«Жеңіс күнін жақындатуға жанын аямаған ардагер-жауынгерлерге арналған еңбегімізді отандастарымыздың назарына ұсынуды жөн көрдік. Күні кеше ғана басылып шыққан жинақты Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейіне ел тарихынан сыр шертетін құнды жәдігер ретінде сыйға тартамыз. Ұлттық арнаның алтын қорынан алынған бұл жинақтардың ішінде Бауыржан Момышұлы, Роза Бағланова, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов тәрізді даңқты батырларымыздың дауыстары сақталған. Жинаққа майдангерлердің соғыс жылдары жазған хаттары да енгізілді. Бұл еңбек Музей төрінен өзіне лайықты орнын алады деген сенімдеміз. Музей қызметкерлері мен музейге келушілер үшін бұл таптырмас тарихи жәдігер боларына күмәніміз жоқ», - деді жинақты Музей директоры Дархан Мыңбайға тапсыру рәсімі кезінде.

** **

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы Жеңістің 70-жылдығына орай 2 ақпан мен 9 мамыр аралығында телекөрермендер назарына **тарихи-танымдық деректі фильмдер топтамасын ұсынды. Барлығы 7 толық және 70 қысқаметражды фильм дайындалды. **

** **

Мәдени-тарихи құндылықтарды сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында «Елдің ерлігі», «Майданнан жазылған хат», «Жеңімпаздардың асқақ дауысы», «Ұлы жеңіске – 70 жыл» атты 4 жеке кітап-дисктен тұратын «Жеңіске тағзым» атты жинақ шығару туралы шешім қабылданды.

![«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жеңімпаздар туралы арнайы шығарған жинақтың ең алғашқы басылымын Ұлттық Музейге сыйға тарту етті](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/xRjFz6k5PqFTENzl25pzq55y17xK2p.jpg)

**«Елдің ерлігі» - Жеңістің 70-жылдығына арналған 7 сериядан тұратын тарихи-танымдық деректі фильмдер топтамасы.** Бұл Отан үшін сұрапыл соғыста күрескен жауынгерлердің, түрлі қиын жағдайларда шешім қабылдай білген қолбасшылардың, Жеңіске жеткізуге бар күш-жігерін салған тыл еңбекшілерінің өміржазбасы.** **

** **

**70 қысқаметражды фильмдерден тұратын «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы жобасында** Ресей, Украина, Белоруссия мұрағаттарынан табылып, бұдан бұрын еш жерде көрсетілмеген қазақстандықтарға қатысты құжаттар пайдаланылды.

![«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жеңімпаздар туралы арнайы шығарған жинақтың ең алғашқы басылымын Ұлттық Музейге сыйға тарту етті](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/KERVR637D43L17fgwpl121QID62vKZ.jpg)

Фильм уақытылы мадаққа лайық бола алмаған батырлар, хабарсыз жоғалған жауынгерлер туралы, соғыс жылдарында жедел көшірілген зауыт-фабрикалар туралы, ескерусіз қалған ерекше әрекеттер туралы, Қазақстанға еркінен тыс көшірілген адамдардың ауыр тағдыры туралы баяндайды.

![«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жеңімпаздар туралы арнайы шығарған жинақтың ең алғашқы басылымын Ұлттық Музейге сыйға тарту етті](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/3GNXBIT6rLzS6guPC3ndUEbIEarjR1.jpg)

Бұдан басқа, ұлттық телеарнаның және «Қазақ радиосының» эфирінен соғыс жылдарында майданнан жазылған хаттар оқылып, көрсетілді, кейін бұл хаттар корпорацияның ресми веб-порталында жарияланды. Осы хаттардың барлығы жеке жинаққа жүйелендіріліп, **«Майданнан жазылған хаттар»** атты атпен кәде кітап-сыйлық түрінде шығарылды. Мұрағатта сақталған жүзге жуық хат жарық көрді. Олардың ішінде Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың. Ерғали Рысымбетовтің, Дүйсен Баржобаевтың және тағы басқаларының хаттары да бар.

** «Жеңімпаздардың асқақ дауысы»** атты соңғы төртінші кітапта Қазақ радиосының Алтын қорында сақталған дауыстар жинақталды. Мысалы, 1965 жылы Жеңістің 20-жылдығына орай жазылған Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының және Жеңістің 30-жылдығын тойлау қарсаңында 1975 жылдың 7 мамырында жазылған Отан соғысының 1-деңгейдегі орден иегері, Қазақстанның халық жазушысы Дмитрий Снегиннің дауыстары таспаға түсірілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-teleradiokorporaciyasy-zhe-impazdar-turaly-arnayy-shy-ar-an-zhina-ty-e-al-ash-y-basylymyn-l-502697](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-teleradiokorporaciyasy-zhe-impazdar-turaly-arnayy-shy-ar-an-zhina-ty-e-al-ash-y-basylymyn-l-502697)