---
title: "«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады"
description: "17 мамыр күні танымал «Ұлттық шоу» бағдарламасы жаңа форматта шығады. «Қазақстан» телеарнасының эфир..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-05-15T05:18:00+00:00"
modified: "2015-06-01T13:29:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasynda-roza-sha-yrady-atty-iri-muzykaly-shou-bastalady-506196"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasynda-roza-sha-yrady-atty-iri-muzykaly-shou-bastalady-506196/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады

> 17 мамыр күні танымал «Ұлттық шоу» бағдарламасы жаңа форматта шығады. «Қазақстан» телеарнасының эфир...

17 мамыр күні танымал **«Ұлттық шоу»** бағдарламасы жаңа форматта шығады. «Қазақстан» телеарнасының эфирінде түрлі жаңа орындауларға, тың дуэттерге және ғажайып қойылымдарға толы «Роза шақырады» атты музыкалық жобасының тұсаукесері өтеді.

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/0he77NM28aP9RA8eRLUi5hjeZ5KK5o.jpg)

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/0XXeqhwxtMbj33sn3IoNGi5OqD588p.jpg)

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/3zhe6Ra3DPAu9uIdN8Xuah2jpwE1zK.jpg)

Бағдарламаның басты жұлдызы - отандық сахнаның примадоннасы, танымал тұлға – Роза Рымбаева. Ол телевизиялық жобаның иесі ғана емес, бас кейіпкері. Барлық жоба жанды дауысқа құрылған! Бағдарламаның әр шығарылымында көрермендер тосын нөмірлерге, күтпеген тың дуэттерге және басқа да қызықты қойылымдардың куәсі болады.

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/e0lxkFZTmbt47ESH8D5F5LWZUS2EoI.jpg)

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/2j55AG1vvxAw1D0AOp8F5Eh56O3cek.jpg)

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/N2BB8t5x2N56lJVJxwK4Zld7JfS42t.jpg)

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/hwsJ8QhqG323k7k4wfr7h1cL0gIvQV.jpg)

Тележоба барысында отандық шоу-бизнес өкілдері: танымал әншілер, әртістер, актерлар, сазгерлер өз шығармашылығының және өмірінің қызықты тұстарымен көрермендермен бөліседі. Сүйікті де танымал әншілеріңіз, сазгерлер және композиторлар өз әндері мен туындыларын жанды аккомпанементте орындайды.

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/FKZly3ZCy85jfTXZO23r3tvor01R4U.jpg)

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/H1JRa5xyXpZI9036WpOeSuNL3rrl0A.jpg)

Танымал орындаушылармен қатар, әрбір бағдарламалада жаңа жұлдыздың аты белгілі болады. Шоу барысында Роза Рымбаева қазақстандықтарға жаңа орындаушыларды, композиторларды, сықақшыларды таныстырады.

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/pxIv2A0kc8l231VO7RtGHI28t83653.jpg)

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/eL7Fz61kauAx6YXXNvp0OA8omE5WPn.jpg)

Кешті Роза Қуанышқызымен бірге Әли Оқапов пен Рүстем Нұржігіт жүргізеді.

![«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/HzreCRo792kLxcOIvGe3XC4c18CWdg.jpg)

**Жіберіп алмаңыздар! 17 мамыр күні сағат 21.00-де «Қазақстан» телеарнасының эфирінде жаңа бағдарлама: «Ұлттық шоу: Роза шақырады». **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasynda-roza-sha-yrady-atty-iri-muzykaly-shou-bastalady-506196](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasynda-roza-sha-yrady-atty-iri-muzykaly-shou-bastalady-506196)