---
title: "«Қазақстан» телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі"
description: "«Қазақстан» телеарнасы осы түрлі ұлт өкілдерінің асханасына бағдарлама арнау арқылы, ұлттар достасты..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-07T23:34:35+00:00"
modified: "2015-10-08T00:17:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasynda-as-bolsyn-ba-darlamasyny-t-sauy-kesiledi-576768"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasynda-as-bolsyn-ba-darlamasyny-t-sauy-kesiledi-576768/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан» телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі

> «Қазақстан» телеарнасы осы түрлі ұлт өкілдерінің асханасына бағдарлама арнау арқылы, ұлттар достасты...

«Қазақстан» телеарнасы осы түрлі ұлт өкілдерінің асханасына бағдарлама арнау арқылы, ұлттар достастығын арттыруды көздейді.

![«Қазақстан» телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/bE79WQtWFxprWLqIfM97mj1IIOPV8a.jpg)

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бізде жүзден астам ұлт өкілдері мекен етеді. Ал сол ұлттардың асханасы - олардың мәдениетінің ажырамас бөлігі екені анық.

![«Қазақстан» телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/IkhMuNg8VR1C9lL1OBp7kLgaq78OdK.jpg)

Шығармашылық топ бағдарлама барысында әртүрлі диаспора өкілдерінің асханасымен таныстырып қана қоймай, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрінің ерекше қызықты тұстарын көрермендерге жеткізеді.

![«Қазақстан» телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/81ntA0Lyo5YbcAF6mRLv5O6txa3me6.jpg)

![«Қазақстан» телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/DoXt0yjsl7oRg80lulLjyBppWmo36P.jpg)

Бағдарламаның негізі ретінде екі аспаздың тамақ дайындау сайысы алынады. Оның бірі кәсіпқой, ал екіншісі әуесқой аспаз. Мысалы, осы хабар корей асханасына арналса, әуесқой аспаз корей ұлтының өкілі болады да, екінші сайыскер кәсіби аспаз болады. Арнайы бір мейрамханаға сарапшы мамандар шақырылып жасалған тағамның үздігі анықталатын болады.

«Бағдарламаның жалпы саны - 16, яғни осыншама ұлт өкілдерінің асханасына арналған бағдарлама жасалады. Жоба соңында ең үздік аспаз марапатталады. Олай болса, «Қазақстан» телеарнасының эфиріде 10 қазаннан бастап, әр сенбі күні сағат 10.45-те «Ас болсын» бағдарламасын тамашалаңыздар!»,-делінген «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының баспасөз-қызметі таратқан мәліметтерде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasynda-as-bolsyn-ba-darlamasyny-t-sauy-kesiledi-576768](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasynda-as-bolsyn-ba-darlamasyny-t-sauy-kesiledi-576768)