---
title: "Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ"
description: "Тағы көп сезім! Тағы көп оқиға! Тағы көп кездесу! Тағы көп кедергі! Тағы көп шоу! Тағы көп драма! \"Қ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-11T01:05:18+00:00"
modified: "2015-08-11T01:05:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasy-zha-a-telemausymda-k-rermenderge-shyn-shytyrman-emociyalar-synba-528607"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasy-zha-a-telemausymda-k-rermenderge-shyn-shytyrman-emociyalar-synba-528607/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ

> Тағы көп сезім! Тағы көп оқиға! Тағы көп кездесу! Тағы көп кедергі! Тағы көп шоу! Тағы көп драма! "Қ...

**Тағы көп сезім! Тағы көп оқиға! Тағы көп кездесу! Тағы көп кедергі! Тағы көп шоу! Тағы көп драма!**

"Қазақстан" телеарнасы жаңа маусымның көрсетілімін бастауға әзір. "Қазақстанның" ең мықты деген жобалар командасы көрермендерге эфирде әлі де көп шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ.

 

Жаңа маусымға "Қазақстан" телеарнасы миллиондаған қазақстандықтар сүйіп үлгерген рейтингті жобаларымен кірмек.

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/wwUh3Gi9o58jf5waSf4L6scgOpV8w7.jpg)

**17 тамызда, таң 7.00-де Ирина Тэн мен Жансерік Берікқазыұлының позитивті көңілімен ататын болады. "Таңшолпан**" таңғы шоу жүргізушілері көрермендермен жаңа жаңалықтар және жағымды эмоциялармен, пайдалы кеңестермен бөлісіп, қызықты және позитивті адамдармен сөйлесу үшін эфирге шығатын болады.

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/q7lDh1mvB6u2ofZziX7VbX6ZzsnUyD.jpg)

Бұрынғы таныстармен жаңа кездесулер Құрманбек Жұмағалидің сенбілік кештерін көркейтетін болады. **"Сенбілік кездесу" 22 тамызда бастау алады**. **Студиядағы алғашқы қонақтар әнші және композитор Ұлықпан Жолдасов, ҚР халық әртісі Досжан Жолжақсынов, әнші Қайрат Нұртас болады**.

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/sLTeTH3N48oYvj8d5mrrcQHKnxwcWl.jpg)

Жаңа маусым қарсаңында Ләйлә Сұлтанқызы көрермендер үшін ең сезімталды және шынайы өмір оқиғаларын әзірлеп қойды. Әлемуметтік маңызы зор тақырыптар талқыға салынатын Қазақстанның басты **"Әйел бақыты" әйелдер ток-шоуы эфирге 24 тамызда шығады.**

"Қазақстан" телеарнасының көрермендері Нұрлан Қоянбаевтың студиясында екі есе көп жұлдыздар мен шоуға куә болады. **Эфир - 25 тамызда. "Түнгі студияда"** жобасының қонақтары үшін арналған тосын сұрақтар мен ынғайсыз жағдайлар әзірленіп те үлгерді. Оқиғалардың жан-жақты өрбуіне Нұрлан Қоянбаев уәде береді.

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/gUe5X6Jun0U6TGb83fk3q3P6J3uO82.jpg)

**Жаңалықтар.** РТРК тілшілері күн сайын маңызды оқиғалардың бір бөлігі болу үшін және қоғам жетістігі ету үшін солардың эпицентрінде болуға тырысады. Резонанс тудыратын тақырыптар "Қазақстан" арнасы түсірілім тобының назарынан тыс қалмайды.

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/CgO4YNxCVbA7TAPBCcL18V7u2kOxkE.jpg)

Орындықтың саған қарай бұрылуы әлемдік даңққа шығудың жалғыз мүмкіндігіне тең келетін кең танымал **"Қазақстан дауысы" шоуы 20 қыркүйектен бастап тағы эфирде.** Үшінші маусым бастау алмақ. Уайым, сезім, мақтаныш, бақыт, танырқау, еліміздің ең ғажап дауыстары - телекөрермендерді осының барлығын бар зерлерімен тыңдауға жетелейтіні хақ.

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/NniGKORr2xHXYnORj89IYp8GTUVo5K.jpg)

**29 қыркүйекте** "Қазақстан" арнасының эфирінде **"Намыс дода"** спорттық-ойын-сауық шоуының үшінші маусымы бастау алады. Жоба жүргізушілері - Нұрлан Қоянбаев пен Асхат Садырбай. Осы жылы барлығына белгілі тартыстар Қытайдың Хайнань аралында өтпек. Біздің құрамаға қарсы Қытай, Венгрия, Франция мен Алжир командалары шықпақ. Қазақстан 2012 жылы жеңімпаз болып та үлгерді. 2015 жылы кім жеңіске жетеді?

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/rrN7ZcjYv184rd91aZpcJXR5MGloxD.jpg)

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Ye0dp2fwpT0h0iqEqGPcpQmXuKfKhe.jpg)

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/0xC6cLeZC77PFK5j4r6eTfkAgFnGPf.jpg)

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/f9gDf7nz8uI4IImmai3a42nvzVQ1Ec.jpg)

![Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/15A2eNw64Vjxeg1fpby7aqyTmr035D.jpg)

**Жаңа маусым** **«****Қазақстан****»** **телеарнасында** **о****сы күзде. Тағы көп эмоция.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasy-zha-a-telemausymda-k-rermenderge-shyn-shytyrman-emociyalar-synba-528607](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-telearnasy-zha-a-telemausymda-k-rermenderge-shyn-shytyrman-emociyalar-synba-528607)