---
title: "Қазақстан тарапы ОПЕК және ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы екінші Министрлік кездесуіне..."
description: "29-30 қарашада ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев бастауымен ҚР делегациясы ОПЕК мүше мемлеке..."
author: "minenergo"
published: "2017-12-05T03:44:13+00:00"
modified: "2017-12-05T03:48:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-tarapy-opek-zh-ne-opek-ke-kirmeytin-memleketter-arasynda-y-ekinshi-ministrlik-kezdesuine-787328"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-tarapy-opek-zh-ne-opek-ke-kirmeytin-memleketter-arasynda-y-ekinshi-ministrlik-kezdesuine-787328/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан тарапы ОПЕК және ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы екінші Министрлік кездесуіне...

> 29-30 қарашада ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев бастауымен ҚР делегациясы ОПЕК мүше мемлеке...

29-30 қарашада ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев бастауымен ҚР делегациясы ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы үшінші Министрлік кездесуіне қатысты. ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің бірлескен отырысы барысында дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды талқылады, сондай-ақ 2016 ж. 10 желтоқсанда ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы алғашқы Министрлік кездесуде қол қойылған мұнай өндіріс көлемін төмендету бойынша Келісімнің мерзімдерін ұзартуға қол жеткізілді. Келісім ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттері арасындағы «Ынтымақтастық жөніндегі декларациясына» қол қою арқылы 2018 ж. соңына дейін ұзартылды. Қазақстан және ОПЕК мүше мемлекеттермен бір қатар Әзірбайжан, Бахрейн, Бруней, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан, сондай-ақ Оңтүстік Судан Декларацияға қол қойды. Іс-шара шеңберінде министрлік кездесу Іс басындағы төрағасы Сауд Арабиясы Корольдігі Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид А. Аль-Фалих ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы жаһандық мұнай нарығын тұрақтандыру барысында бас қосып жұмыс атқару саласында Қазақстанның ерекше рөлін атап өтті. М.Мырзағалиев мәлімдемесінде ОПЕК мүше мемлекеттерімен ҚР-дың ұлттық мүдделеріне және елімізде мұнай саласында жұмыс атқарып жатқан ірі инвесторларға кедергі жасамай Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға ниетін атап өтті.

![Қазақстан тарапы ОПЕК және ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы екінші Министрлік кездесуіне...](https://storage.yvision.kz/images/user/352992/5f238ec1bc85b83e502ef7a7ada021.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-tarapy-opek-zh-ne-opek-ke-kirmeytin-memleketter-arasynda-y-ekinshi-ministrlik-kezdesuine-787328](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-tarapy-opek-zh-ne-opek-ke-kirmeytin-memleketter-arasynda-y-ekinshi-ministrlik-kezdesuine-787328)