---
title: "Қазақстан Әскери-теңіз күштері «Шағала-2013» жаттығуын бастады"
description: "Бүгін, 2013 жылғы 17 қазанда Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасы Қарулы ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-10-17T03:47:09+00:00"
modified: "2013-10-17T03:47:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-skeri-te-iz-k-shteri-sha-ala-2013-zhatty-uyn-bastady-379629"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-skeri-te-iz-k-shteri-sha-ala-2013-zhatty-uyn-bastady-379629/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Әскери-теңіз күштері «Шағала-2013» жаттығуын бастады

> Бүгін, 2013 жылғы 17 қазанда Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасы Қарулы ...

**

![Қазақстан Әскери-теңіз күштері «Шағала-2013» жаттығуын бастады](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/17102013/1.jpg)

Бүгін, 2013 жылғы 17 қазанда Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Шағала-2013» жаттығуы басталды.**

Жауынгерлік шара барысында әскери қызметшілерге қойылатын басты тапсырма – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы стратегиялық нысандарды, жасанды аралдарды, мұнайгаз кешендері нысандарын қорғау және сақтау болып табылады.

Үшкүндік жаттығу кезінде мемлекеттік шекараны күшейту, жаңа «Қазақстан» мен «Орал» ракеталық-артиллериялық кемелерінен жауынгерлік атыс жүргізу кезінде теңіздегі кемелерді күзету мен қорғау шараларын жүзеге асыру жоспарлануда.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақовтың айтуы бойынша «Шағала-2013» жаттығуы Әскери-теңіз күштері штабтарының дайындық деңгейін тексеруге, басқа да әскер түрлерімен және тектерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ кеме экипаждарының әртүрлі навигациялық және ұрыс жағдайында қойылған тапсырманы орындауда тәжірибе жүзінде біліктіліктерін жетілдіре түсулеріне мүмкіндік бермек.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-skeri-te-iz-k-shteri-sha-ala-2013-zhatty-uyn-bastady-379629](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-skeri-te-iz-k-shteri-sha-ala-2013-zhatty-uyn-bastady-379629)