---
title: "Қазақстан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскери атташемен кездесті"
description: "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәй..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-08-12T23:48:56+00:00"
modified: "2013-08-12T23:48:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-rly-skerlerini-bas-olbasshysy-skeri-attashemen-kezdesti-368468"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-rly-skerlerini-bas-olbasshysy-skeri-attashemen-kezdesti-368468/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскери атташемен кездесті

> Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәй...

**Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Хамза Рухи Каберегпен кездесті.**

**

![Қазақстан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскери атташемен кездесті](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/130813/1.jpg)

**

 
 

Келіссөз барысында екі елдің құрлық әскерлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан мен Иранның әскери оқу орындарында мамандар дайындау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар жекелеген бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудегі тәжірибелерін бөлісті. Сонымен қатар, неғұрлым тығыз қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін екі ел әскери делегацияларының бақылаушы ретіндегі барыс-келіс мүмкіндігі сөз болды.

 
 

Полковник Хамза Рухи Каберег Қазақстан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен әңгіме кезінде Қазақстан әскери қызметшілерінің Жауынгерлік парадта көрсеткен кәсіби және жауынгерлік дайындығына жоғары баға берді.

 
 

Сондай-ақ, ол Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аталған іс-шараға қатысуы Мемлекет басшысының әскерге деген үлкен сенімін көрсетеді деп атап өтті.

 
 

Кездесу соңында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев меймандарды жуырда ғана өткен Иран Ислам Республикасының жаңа президентін ұлықтау салтанатымен құттықтады.

 
 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-rly-skerlerini-bas-olbasshysy-skeri-attashemen-kezdesti-368468](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-rly-skerlerini-bas-olbasshysy-skeri-attashemen-kezdesti-368468)