---
title: "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті"
description: "Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тә..."
author: "sko_sud"
published: "2014-12-16T10:02:35+00:00"
modified: "2014-12-16T10:02:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdik-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhiyn-tti-450104"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdik-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhiyn-tti-450104/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

> Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тә...

![Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/IbEtJe4fjz0qo3a7yC41CqIWF8Rps5.jpg)

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға сот жүйесінің ардагерлері, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай жиналғандарды құттықтады:
- Тәуелсіздіктің әр жылы – жаңа Қазақстан тарихындағы біртұтас дәуір. Бұл мереке – бүкіл әлем қолдап, мойындаған бүгінгі қазақстандық жол.

Этот праздник ознаменовал собой рождение новой суверенной и независимой страны – Республики Казахстан, которая начала свой собственный, казахстанский путь, получивший одобрение, а затем и признание мирового сообщества.

Қазақстанның жеткен жетістіктері – Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегі.

Еліміздің басты мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бұл мереке бейбітшілік пен тұрақтылықты, ерлік пен батырлықты, ата-баба дәстүріне деген құрметті білдіреді. Көптен күткен тәуелсіздік баянды болып, еліміз гүлдене берсін.

Сонымен бірге, салтанатты жиында облыс судьяларына құрмет грамоталары мен медальдар табыс етілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Қайрат Қазкейұлы Шәкімов мемлекеттік наградамен – Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен бірге Қайрат Қазкейұлы III-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медаліне ие болды.

Судьялар кеңесінің «Үш би» құрмет белгісімен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Людмила Викторовна Воротынцева марапатталды.

ІІ-дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Татьяна Сериковна Вьюхова марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Юлия Павловна Иванова мараптталды. Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің Алғысымен Қызылжар аудандық сотының судьясы Әсел Амангелдіқызы Досымова марапатталды.

Судьялар Одағының құрмет грамотасымен Тайынша аудандық сотының төрағасы Тұрғұнбай Қуандықұлы Жәкенов марапатталды.

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Алғысына Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары Болат Қатвайұлы Кенженов, Мұрат Еслямғариұлы Мұқанов, М.Жұмабаев аудандық сотының судьясы Лариса Николаевна Морозова, Петропавл қаласының №2 сотының судьясы Татьяна Васильевна Ларина, Қызылжар аудандық сотының судьясы Әсел Амангелдіқызы Досымова ие болды.

Сондай-ақ қызметтік пәтердің кілттері Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.М. Сатвалдиноваға және Петропавл қаласының №2 сотының судьясы К.К. Смағұловқа табыс етілді.

Сонымен бірге облыстың аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша 2014 жылы ағымында өткізілген байқаудың қорытындысы шығарылды. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды: 1-орынды Петропавл қалалық соты жеңіп алса, 2-орынды Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мен Айыртау ауданының №2 соты, 3-орынды Петропавл қаласының №2 соты мен Айыртау аудандық соты бөлісіп алды. Барлық жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облыстық соты жанындағы Қоғамдық Кеңес мүшелерінің жұмысы үшін ынталандыру сыйлықтары берілді.

Жиналғандарды мерекемен құттықтай отыра, отставкадағы судья Т.И.Рыбакова Жоғарғы Соттың төрағасына ардагерлерге көрсетіп жатқан қамқорлығы үшін алғысын білдірді. Татьяна Иосифовна бүгін сот жүйесі алдында сот төрелігін сапалы түрде іске асыруға, алдыңғы уақытта сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, ашықтық пен қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар тұрғанын айтып өтті. Соттардың тәуелсіздігін нығайту үшін зор үлес қосылады, сондай-ақ судьяларды сапалы түрде қамтамасыз ету жүзеге асырылып жатыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdik-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhiyn-tti-450104](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdik-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhiyn-tti-450104)