---
title: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес"
description: "ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АРАЛ ТАҒДЫРЫ 1997 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласында Арал теңізі мәселелеріне а..."
author: "Murat_Nasimov"
published: "2011-09-18T04:52:30+00:00"
modified: "2011-09-18T04:52:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-192909"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-192909/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

> ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АРАЛ ТАҒДЫРЫ 1997 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласында Арал теңізі мәселелеріне а...

**ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АРАЛ ТАҒДЫРЫ**

**

![АРАЛ](https://storage.yvision.kz/images/user/murat_nasimov/cE0q7LMzW80Fh36bQXiYvFmru7v3hE.jpg)

**

1997 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласында Арал теңізі мәселелеріне арналған Орта Азия мемлекет басшыларының саммиті өтті. Әңгіме Аралды қорғау халықаралық қоры төңірегінде өтті. Бес мемлекет басшысы Алматы декларациясына қол қойды. Бүгінде Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы жылдары географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан өз тарапынан Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтеріліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Біріншісі, Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. Екіншісі, Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. Үшіншісі, Арал теңізін жартылай сақтап қалу. Төртіншісі, Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. Бесіншісі, жер асты суларын пайдалану. Алтыншысы, Арал теңізінің өздігінен табиғи реттеулерін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы (Қараңыз:* http: //ru.wikipedia.org)*.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-192909](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-192909)