---
title: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес"
description: "ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ 1996 жылдың 9 қаңтарында Елбасының Жарлығымен Қазақста..."
author: "Murat_Nasimov"
published: "2011-08-25T10:35:01+00:00"
modified: "2011-08-25T10:35:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-187319"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-187319/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

> ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ 1996 жылдың 9 қаңтарында Елбасының Жарлығымен Қазақста...

**ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ**

**

![КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС](https://storage.yvision.kz/images/user/murat_nasimov/SsXT25d1NV2ASrYj4L9brHGWiX7lP1.jpg)

**

** **

1996 жылдың 9 қаңтарында Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі бекітілді. Бүгінде құрамында 7 мүшесі бар кеңестің төрағасы И.И. Рогов. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы бойынша:

1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:

1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;

2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.

2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;

3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;

4) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-187319](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-187319)