---
title: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес"
description: "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМ Осы жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы ..."
author: "Murat_Nasimov"
published: "2011-08-22T09:06:52+00:00"
modified: "2011-08-22T09:06:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-186471"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-186471/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

> ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМ Осы жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы ...

**ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМ**

![қха](http://storage.yvision.kz/images/user/murat_nasimov/8iyTjc9TMEuV7LdDelAzMc9xzx2YUE.png)

Осы жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатындағы мемлекет басшысының кеңесші органы ретінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Негізінен мұндай ұйымды құру идеясы тәуелсіздігіміздің бірінші жылындағы Қазақстан халықтарының Бірінші Форумында Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын. 2007 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы деп аталады. Өзінің 15 жылдық тарихында Ассамблея ұлтаралық қатынастардың беделді қоғамдық институтына айналды. Елімізде 100-ден аса ұлттық мектептер, 23 ана тілі оқытылатын 170 жексенбілік мектептер қызмет атқарады. Қазақстанда 4 республикалық және 15 аймақтық ұлттық газеттер, 6 ұлттық театрлар (қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, кәріс, өзбек) бар. Еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің негізі бола білген Ассамблея қызметі жоғары бағаға да ие. Ассамблея 1995 жылдың 25 наурызында еліміздегі қоғамдық бірлікті сақтау және саяси, әлеуметтік жағдайлардың басқа ағымдағы терең өзгерістерін болдырмау мақсатында ҚР Президентінің өкілеттілігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі республикалық референдумның қажеттілігі жөніндегі резолюцияны қабылдады.

Осы резолюцияның нәтижесінде 29 сәуір күні Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттілік мерзімін ұзарту бойынша республикалық референдум өтті. Рефере́ндум (латынның - referendium) – тікелей демократияның маңызды институты, жалпымемлекеттік, аймақтық немесе жергілікті деңгейдегі маңызды мәселелерді бүкілхалықтық талқыға салу арқылы дауыс беру. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірінші референдум көпұлтты Қазақстан халқының Елбасы саясатын қолдайтындығын көрсетті. Референдумның нәтижесі бойынша сайлаушылардың 95,4 пайызы қойылған мәселені қолдады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-186471](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-186471)