---
title: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес"
description: "ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТЕҢГЕ 1993 жылдың негізгі жаңалығы – 15 қарашадан бастап ұлттық валютамыз тең..."
author: "Murat_Nasimov"
published: "2011-08-08T01:09:44+00:00"
modified: "2011-08-08T01:09:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-182943"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-182943/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

> ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТЕҢГЕ 1993 жылдың негізгі жаңалығы – 15 қарашадан бастап ұлттық валютамыз тең...

**ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТЕҢГЕ**

 

**

![1993 ЖЫЛҒЫ ТЕҢГЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/murat_nasimov/sm62KaF24ZOS0eyjX995s613wS9N1H.jpg)

**

 

1993 жылдың негізгі жаңалығы – 15 қарашадан бастап ұлттық валютамыз теңгенің енуі еді. КСРО-ның 500 сомына тең 1 теңге алғашында Ұлыбританияда басылып шықса, алғашқы тиындар Германиядан шығарылды.

Алғашқы теңгеде қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері тұрды. Мәселен, 1 теңгеде философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика және музыка зерттеушісі, әлемнің екінші ұстазы - **Әбу Насыр** **әл-Фараби** (870-950); 3 теңгеде қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі – **Сүйінбай Аронұлы** (1815-1898); 5 теңгеде қазақтың ұлы күйші-композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі **Құрманғазы Сағырбайұлы** (1823-1896); 10 теңгеде қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы **Шоқан** (Мұхаммед Қанафия) **Уәлиханов** (1835-1865); 20 теңгеде ақын, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы **Абай **(Ибраһим)** Құнанбаев** (1845-1904); 50 теңгеде 1718-1748 жылдары билік құрған Кіші жүз ханы **Әбілқайыр** (1693-1748); 100 теңгеде қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері **Абылай хан** (1711-1781) бейнеленді. Кейінгі теңгелерге ұлы философ әл-Фарабидің бейнелері көрініс тапты. Ұмыт болып бара жатқан бабаларымыздың бейнелері халқымыздың санасында осылайша жаттала бастады.

Ұлттық валюта 2006 жылы жаңа дизайнда дайындалып, қолданысқа 200-ден 10000 дейінгі номиналда шықты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-182943](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-182943)