---
title: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес"
description: "ЕГЕМЕНДІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ерекше күн 1990 жылдың 25 қаза..."
author: "Murat_Nasimov"
published: "2011-07-21T08:23:57+00:00"
modified: "2011-07-21T08:23:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-178079"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-178079/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

> ЕГЕМЕНДІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ерекше күн 1990 жылдың 25 қаза...

**ЕГЕМЕНДІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ**

![КОНСТИТУЦИЯ](https://storage.yvision.kz/images/user/murat_nasimov/xCTFfoYA24UnqwY2vp0b3Vx29Bj8eH.jpg)

Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ерекше күн 1990 жылдың 25 қазаны болды. Бұл күн еліміздің тарихындағы ескі кезеңнің аяқталуы мен дамудың жаңа парақтарының бастауы болып табылады. Егемендік күні Қазақстан тарихындағы өзгеріс туындатқан кезең. Мемлекетіміздің негізін қалаған бірінші заңнамалық құжат Егемендік туралы Декларация болды. Осы құқықтық, саяси және идеологиялық құжат қоғамның негізгі принциптерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, саяси плюрализм мен билік бөлінісінің көрсеткіші еді. Бұл іргелі ережелер болашақ Конституцияның негізі болып табылды.

1991 жылдың 21 қарашасында Декларация негізіндегі ҚазССР Конституциясы мен мемлекеттік мекемелерді жетілдіру жөніндегі Заң қабылданды. Бұл әлемдік қауымдастық шарттарына бейімделуге бағытталған алғашқы қадамдар болып саналады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-178079](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-178079)