---
title: "Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған патриоттық жастар форумы"
description: "4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күні. Осы айтулы мерекеге орай Лебяжі ауданы Ішкі саяс..."
author: "CRMI"
published: "2016-06-07T05:39:07+00:00"
modified: "2016-06-07T05:39:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-r-mizder-k-nine-arnal-an-patriotty-zhastar-forumy-696634"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-r-mizder-k-nine-arnal-an-patriotty-zhastar-forumy-696634/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған патриоттық жастар форумы

> 4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күні. Осы айтулы мерекеге орай Лебяжі ауданы Ішкі саяс...

4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күні. Осы айтулы мерекеге орай Лебяжі ауданы Ішкі саясат бөлімі «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Мақтанышым – Мемлекеттік Рәміздер» атты патриоттық жастар форумы өткізілді.

Форумның мақсаты: Өскелең ұрпақты Рәміздерді құрметтеу арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу. Мемлекеттік рәміздер — мемлекетіміздің негізгі құрамдас бір бөлігі. Алтын күн мен қыран бейнеленген көк Туымыз барша қазақстандықтардың шаңырағы ретінде бейнеленген ал, Елтаңбамыз бізді бүкіл әлемге тәуелсіз Қазақстан ретінде танытуда.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Y4RG6imTmS1f1Q59425WO65FT89wyQ.jpg)

Форум барысында салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Туы залға енгізілді. Аудан әкімі жиналғандарды құттықтап, ауданның патриот жастары Равдал Ержанат, Саенко Михаил, Жумадилова Айзаданы сондай – ақ, Тәуелсіздік құрдастары Оспанова Риза мен Жұмабаев Бауыржанды алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Іс-шараға мекеме басшылары, ауданның белсенді жастары, колледж студенттері мен мектеп оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, аудан тұрғындары белсене қатысты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/C05kESFrgUsWQd72E0bJRUilb8V5oN.jpg)

Жастар мемлекеттік Рәміздерге құрмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын патриоттық әндер орындады. «Жас Ұлан» ұйымының «Туған жер» атты хоры, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған флешмоб биі, Лебяжі жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Женалина Айсұлу «Мемлекеттік Рәміздер» атты өлең оқып, жастар бойына патриоттық сезім сыйлады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/EhKp9zMDQJl8QXZ5hBC2y8uH6LqvP2.jpg)

Форум соңы шарға байланған «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты эмблеманы Тәуелсіздік құрдастары мен ауданның белсенді жастары көкке ұшыруымен аяқталды.

«ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-r-mizder-k-nine-arnal-an-patriotty-zhastar-forumy-696634](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-r-mizder-k-nine-arnal-an-patriotty-zhastar-forumy-696634)