---
title: "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Түркия Премьер-министрімен кездесті"
description: "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркияға ресми сапары барысында осы е..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-09-28T04:22:38+00:00"
modified: "2013-09-28T04:22:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-or-anys-ministri-t-rkiya-premer-ministrimen-kezdesti-376406"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-or-anys-ministri-t-rkiya-premer-ministrimen-kezdesti-376406/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Түркия Премьер-министрімен кездесті

> Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркияға ресми сапары барысында осы е...

**

![Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Түркия Премьер-министрімен кездесті](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/270913../erm_7608.jpg)

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркияға ресми сапары барысында осы елдің Премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесті.**

ҚР Қорғаныс министрі түрік үкіметінің басшысымен кездесу кезінде Анкарада Түркияның жоғары әскери басшылығымен болған кездесулер мен түрік әскерінің жауынгерлік дайындығы және қорғаныс-өнеркәсібі кешенімен танысу шаралары екіжақты әскери ынтымақтастықты жандандыруға айтарлықтай қарқын беретінін атап өтті.

Қазақстан Қорғаныс министрі: – Түркия әскері Солтүстікатлантика альянсы елдері арасындағы ең жетілдірілген және тиімді армия. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Түркияның қорғаныс ведомствосы және Қарулы Күштерімен арадағы ынтымақтастықты табысты дамытуға үлкен маңыз береді, – деп атап өтті.

Әділбек Жақсыбеков пен Реджеп Ердоған әскери саладағы қазақ-түрік өзара іс-қимылдары Қазақстан мен Түркия мемлекет басшылары қол жеткізген өзара ынтымақтастық шеңберінде одан әрі де жемісті дами беретініне сенім білдірді.

 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-or-anys-ministri-t-rkiya-premer-ministrimen-kezdesti-376406](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-or-anys-ministri-t-rkiya-premer-ministrimen-kezdesti-376406)