---
title: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы М.М.Ахметжановтың қатысуымен брифинг өткізілді."
description: "2015 жылғы 25 тамызда Атырау қалалық Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республик..."
author: "anticorruptionatyrau"
published: "2015-10-15T07:29:09+00:00"
modified: "2015-10-15T07:29:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-584720"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-584720/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы М.М.Ахметжановтың қатысуымен брифинг өткізілді.

> 2015 жылғы 25 тамызда Атырау қалалық Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республик...

2015 жылғы 25 тамызда Атырау қалалық Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы М.М.Ахметжановтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Департамент басшысы брифингті аша отырып, қазіргі жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді болашаққа мол шабыт беретін кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға қатысты Ұлт Жоспарының «100 нақты қадамның» маңыздылығын түсіндіріп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Департамент басшысы М.М.Ахметжановтың айтуынша, бірінші жаңашылдық - мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу. Яғни, мемлекеттік қызметке алғаш кіргендер кәсіби қызметін тек төменгі лауазымнан бастайтын болады. Бұл үшін олар заңнаманы білу деңгейін тестілеу және қабылеті деңгейін анықтау, Агенттікте комиссиялық түрде өткізілетін мемлекеттік қызметтің құндылығына сәйкестігін бағалау мақсатында әңгімелесу, сондай-ақ, кәсіби біліктілігінің деңгейін анықтау мақсатында мемлекеттік органда әңгімелесу іріктеу кезеңдерінен өтетін болады.

Департамент басшысы М.М.Ахметжанов мемлекеттік қызметке алғаш кіргендерге қойылатын міндетті талаптардың бірі - 3+3 формуласы бойынша сынақ мерзімінің тағайындалуы деп айтып өтті.

Бұдан басқа, Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілерді жаппай аттестациядан өткізу мен жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның әзірленуін журналистерге баяндап өтті.

![Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы М.М.Ахметжановтың қатысуымен брифинг өткізілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionatyrau/OtQB8vdUahZYuVeTpKa0fYxUhD7fHn.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-584720](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-584720)