---
title: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті жанындағы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді."
description: "2015 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл..."
author: "anticorruptionatyrau"
published: "2015-10-15T07:18:58+00:00"
modified: "2015-10-15T07:18:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-584655"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-584655/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті жанындағы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

> 2015 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл...

2015 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті жанындағы Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Қоғамдық кеңес отырысында Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының, қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу бойынша кешенді шараларды қабылдау мен мемлекеттік қызмет қатарларын алу тәртібі туралы жұртшылық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, соның ішінде баспа беттеріне және теле-радио хабарларына жариялау туралы тапсырмалары қарастырылды.

Бұдан басқа, 2015-2016 жаңа оқу жылының басталуының жағдайы, сонымен қатар, жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өткен оқу орындарының сапалылығы, балабақшадағы мәселелер талқыланды.

Кеңес жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелерімен қатар, облыс әкімі аппаратының басшылығы, облыстық беру басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен қалалық білім беру бөлімінің басшылары қатысып, сөз сөйледі.

Қоғамдық кеңесте Атырау облысы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 2015 жылға арналған халыққа мемлекеттік қызметтердің электронды түрде және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру жөніндегі Медиа-жоспар жасақталып, тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілгені баяндалды.

Қорытындылай келе, «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының», «Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің» және «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» халыққа түсіндірме насихаттау мақсатында кең көлемді кешенді шаралардың жүргізілуінің тиімділігі мен сапасын арттыру және оның орындалу туралы 1 ай мерзім ішінде Қоғамдық кеңес хатшылығына ақпарат ұсыну тапсырылды.

![Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті жанындағы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionatyrau/pUFiKj3ixL8xwAz0RCIZyh8B788oeR.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-584655](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-584655)