---
title: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті"
description: "2015 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ..."
author: "ADGSPK"
published: "2015-11-13T05:20:00+00:00"
modified: "2015-11-13T05:20:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigine-638056"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigine-638056/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

> 2015 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...

2015 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Қоғамдық кеңестің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының кезең-кезеңмен жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары және көлеңкелі экономика қарсы іс-қимыл туралы; 2. Алдағы уақытта жемқорлыққа қарсы заңнамасының одан әрі дамуы туралы («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» Заңдары бойынша).

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен көлеңкелі экономика қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға арналған Жоспарларын алдын ала зерделеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Нәтижесінде, анықталған кемшіліктерді түзетулерге, мемлекеттік органдардың мен жергілікті жердің ерекшілігі қарай Жоспарларға толықтыруларды енгізуге нақты ұсыныстар берілді.

Жиналысқа қатысқан ҚР МҚІСЖҚА Төраға орынбасары Алик Шпекбаев квазимемлекеттік сектор арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің болдырмау мақсатында, Агенттік тарапынан ұлттық компанияларға өздеріне тиісті арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарларды әзірлеуге және оны бекітуге, сондай-ақ, корпоративтік басқару, кадрлық саясатқа меритократия қағидаттарын енгізуге және жемқорлыққа қарсы тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп тұруға бірқатар ұсынымдар берілгендігін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асыру үшін жүйелі түрде жүргізілген мониторинг жұмыстары мен Жоспардың өз дәрежесінде орындалуына тікелей байланысты. Осыған орай, Агенттікпен ішкі және сыртқы бағалауы қамтылған арнайы механизм жасақталды.

Агенттіктің Төрағасы Қ.П.Қожамжаровтың бұйрығымен сыртқы мониторинг жұмыстарымен айналысатын топ құрамы бекітілген болатын, оның басшысы болып «Қазақстанның Азаматтық альянсының» президенті Нұрлан Ерімбетов тағайындалды.

Төраға орынбасары Алик Шпекбаев өз сөзінде: «Мониторинг жұмыстарының қорытындысын мемлекеттік органдардың есептерін негізге ала отырып, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысы бойынша Мемлекет басшысының Ұлттық баяндамасына жинақталатын болады.

Мемлекет басшысына аталған есептерді қарау үшін ұсынылған соң, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын болады» - деді.

Қоғамдық кеңесте жиналысқа қатысушыларды Парламент мәжілісінің депутаты Айгуль Соловьева «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заң жобалары аясында қоғамдық кеңестің құзыреттілігі мен олардың қоғамдық бақылаудағы негізгі тетіктерін, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының фракциясының заңнамалық бастамалары жөнінде толыққанды ақпарат беріп өтті.

Жиналысты қорытындылай келе, Қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының кезең-кезеңімен жүзеге асыруға арналған іс-шаралар Жоспары – алдынғы 2011-2015 жылдардағы жемқорлыққа қарсы салалық бағдарламада орындалған жұмыстардың кемшіліктеріне жасалынған терең талдау нәтижесі ескерілгендігін айтты.

Сонымен қатар, Қайырбек Сүлейменов төмендегідей ұсыныс білдірді:
- барлық Қоғамдық кеңестің мүшелері аталған Жоспардың жыл сайынғы есептік көрсеткіші негізінде Ұлттық есепке ұсыныс енгізуге;
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заң аясында, орталық және жергілікті билік органдарының Қоғамдық кеңестің жасақталу барысын бақылау жасауға.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigine-638056](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigine-638056)