---
title: "«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»"
description: "Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны бойынша Министрліктің аум..."
author: "ceka"
published: "2014-10-27T12:38:54+00:00"
modified: "2014-10-27T12:38:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-azamattaryna-pasporttar-zheke-ku-likter-beru-436127"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-azamattaryna-pasporttar-zheke-ku-likter-beru-436127/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»

> Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны бойынша Министрліктің аум...

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны бойынша Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) [көрсетеді](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400009378#z18).

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – орталық) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы көрсетілетін қызметті беруші;

2) дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезінде – «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей. Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа өтініш берген кезде – 7 (жеті), 10 (он) және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi);

Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.

 

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл

облысы бойынша филиалының

Талас аудандық бөлімі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-azamattaryna-pasporttar-zheke-ku-likter-beru-436127](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasyny-azamattaryna-pasporttar-zheke-ku-likter-beru-436127)