---
title: "«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбына арналған семинар"
description: "2017 жылдың 06 маусымда Достық үйінде «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қим..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-06-06T08:01:57+00:00"
modified: "2017-06-06T08:01:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-sharalary-ta-yrybyna-arnal-an-seminar-769174"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-sharalary-ta-yrybyna-arnal-an-seminar-769174/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбына арналған семинар

> 2017 жылдың 06 маусымда Достық үйінде «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қим...

2017 жылдың 06 маусымда Достық үйінде «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбына арналған семинар өтті.

Аталған семинарға «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша депаратаментінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, медиаторлар, ЖОО және АООО жанындағы достық клубының мүшелері, қоғамдық келісім мүшелері мен «Қоғамдық келісім» КММ жұмысшылары қатысты.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті анықтауға бағытталған сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізілгендердің 75% сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселесінің өзекті екендігін көрсетсе, 20% оданда жоғары проблемалар бар деп ойлайды және 5% сұрақтың маңызды еместігін көрсетті.

Семинар шеңберінде қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-sharalary-ta-yrybyna-arnal-an-seminar-769174](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-sharalary-ta-yrybyna-arnal-an-seminar-769174)