---
title: "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» поезы» республикалық акциясы"
description: "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылд..."
author: "KZPP"
published: "2016-12-15T06:58:36+00:00"
modified: "2016-12-15T06:58:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-arnal-an-t-uelsiz-aza-stan-poezy-respublikaly-akc-738000"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-arnal-an-t-uelsiz-aza-stan-poezy-respublikaly-akc-738000/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» поезы» республикалық акциясы

> Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылд...

**Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері** **Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» поезы» республикалық акциясы шеңберінде ел тұрғындарымен кездесулер өткізуде.**

Комитеттің миссиясы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңын түсіндіруге және халыққа олардың құқықтарының бұзылу мәселелері бойынша консультациялар беруге бағытталған.

2016 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толғандай, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына да 25 жыл болды. Осы жылдың сәуір айында заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда сатушының (орындаушының, дайындаушының) жауаптылығы күшейтілді және тұтынушылардың құқықтары кеңейтілді.

Комитеттің өкілдері азаматтарға консультациялар берді, кәсіпкерлермен, кәсіпорынның жұмыскерлерімен, колледждер мен ЖОО-лардың струденттерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 860-нен астам адам іс-шаралармен қамтылды. 6 бұқаралық ақпарат құралына сұхбат берілді.

Халықты өздерін жосықсыз кәсіпкерлерден қалай қорғауға болады өзідерін қалай қауіпсіздендіруге болады, тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін олар қандай жауаптылық алады деген мәселелер мазалайтыны байқалды.

Сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, медицина, тұрмыстыұ көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласына қатысты болды.

Кездесулер кезінде халық тарапынан сатушылардың толық емес және нақты ақпарат бермеуі бөлігінде Комитеттің бақылау функцияларын кеңейту қажеттілігі туралы мәселе жиі көтерілді. Бүгінгі күні жосықсыз кәсіпкерлер шағын және орта бизнестің қорғалатынын пайдалана отырып, заңды бұзады, сол үшін өздеріне ешқандай жауаптылық алмайды.

Жолдағы 15 жұмыс күні ішінде «Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық-насихаттау поезының қатысушылары 6 облыс: Қарағанды, Атырау, Мағыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының 9 станциясына барды.

Акцияға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ғылым мен шығармашылықтың зиялы қауымы, әртүрлі министрліктердің, ұлттық компаниялардың өкілдері, дәрігерлер және БАҚ өкілдері қатысуда. Барлығы 271 адам.

Өз жолын ағымдағы жылғы 1 қарашада Астана қаласынан бастаған «Тәуелсіз Қазақстан» поезы 43 күн ішінде елдің барлық өңірлерінің 35 елді мекеніне барады және өз жұмысын Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласында аяқтайды.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6483

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-arnal-an-t-uelsiz-aza-stan-poezy-respublikaly-akc-738000](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-arnal-an-t-uelsiz-aza-stan-poezy-respublikaly-akc-738000)