---
title: "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты іс-шаралар бойынша БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ"
description: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына..."
author: "mvdgovkz"
published: "2013-12-13T05:59:50+00:00"
modified: "2013-12-13T06:00:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-22-zhyldy-yna-baylanysty-is-sharalar-boyynsha-baspas-z-para-y-389432"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-22-zhyldy-yna-baylanysty-is-sharalar-boyynsha-baspas-z-para-y-389432/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты іс-шаралар бойынша БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына...

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара болып өтті.

Мереке қарсаңында ІІМ клубының холында министрліктің қызметкерлері балаларының өз қолымен дайындаған суреттері мен шығармашылық туындылардан жасалған **«Біз – Қазақстанның болашағы!»** атты балалардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Мереке күні ішкі істер органдарында ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлерді мадақтау мақсатында салтанатты жиналыс өткізілді. Іс-шара соңынан ІІМ Мәдени орталығы мен Ішкі әскер комитетінің Ән-би ансамблі бірлесе отырып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығы қарсаңында ішкі істер органдарының 569 қызметкерлері мадақталды.

 

**Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-22-zhyldy-yna-baylanysty-is-sharalar-boyynsha-baspas-z-para-y-389432](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-22-zhyldy-yna-baylanysty-is-sharalar-boyynsha-baspas-z-para-y-389432)