---
title: "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерінің үгіт-насихат жұмысы."
description: "Еліміздегі саяси науқан аясында «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің де..."
author: "zharma.vko.nurotan.kz"
published: "2020-12-20T09:46:18+00:00"
modified: "2020-12-20T09:46:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-parlamenti-m-zhilisini-deputatty-yna-mitkerlerini-git-nasihat-zh-mysy-894943"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-parlamenti-m-zhilisini-deputatty-yna-mitkerlerini-git-nasihat-zh-mysy-894943/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерінің үгіт-насихат жұмысы.

> Еліміздегі саяси науқан аясында «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің де...

{"blocks":[{"key":"8t7s5","text":"Еліміздегі саяси науқан аясында «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер  Ирина Унжакова мен Жанат Омарбекова Жарма ауданына үгіт-насихат жұмыстарымен келді. Олар әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті, партияның Жарма аудандық  филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке мәселелер бойынша өңір тұрғындарын қабылдады. Жуықта ғана мұқтаж отбасыларына пайдалануға берілген аудан орталығындағы тұрғын-үй нысандарын аралап, баспаналы болған жандармен жүздесті. Кездесу барысында үміткерлер жиналғандарды ел Парламентінің төменгі палатасындағы заң шығару қызметі, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы мен оның парламенттік фракциясының өткен кезеңдегі жұмысы туралы хабардар етті. Әрине, спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасын ұсынып, оның негізгі тезистерін жан-жақты түсіндіріп өтті.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"gq01","text":"Кездесулер барысында  үміткерлерге ауыл тұрғындары  негізінен, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтарын жолдап, ойларын ортаға салды.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-parlamenti-m-zhilisini-deputatty-yna-mitkerlerini-git-nasihat-zh-mysy-894943](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-parlamenti-m-zhilisini-deputatty-yna-mitkerlerini-git-nasihat-zh-mysy-894943)