---
title: "Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы ынтымақтастық жөнінде Ережеге қол қойылды"
description: "2014 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диагностик..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2014-12-12T09:22:14+00:00"
modified: "2014-12-12T09:22:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-men-koreya-respublikasy-arasynda-densauly-sa-tau-zh-ne-leumettik-damu-salasynd-448344"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-men-koreya-respublikasy-arasynda-densauly-sa-tau-zh-ne-leumettik-damu-salasynd-448344/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы ынтымақтастық жөнінде Ережеге қол қойылды

> 2014 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диагностик...

2014 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диагностикалық орталығын, медициналық-биологиялық кластерді ашу шарасы аясында Мемлекет Басшысының қатысуымен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Жұмыс тобының қызметі туралы Ережеге қол қойылды. Сондай-ақ, 2015-2017 жылдарға арналған Ынтымақтастық жөніндегі жоспар бекітілді.

Жұмыс тобының негізгі міндеттері:

денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында тараптар арасында қол қойылған халықаралық келісімдер бойынша ұсыныстар әзірлеу және шешімдерді іске асыру; басым бағыттарда ынтымақтастықты тереңдету; сарапшылармен, мамандармен және кадрлармен алмасу; мемлекеттердің халықаралық міндеттемелері шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту; денсаулық сақтау және әлеуметтік даму органдары, ұйымдары мен компанияларының тікелей байланыстарын тереңдетуге жәрдемдесу; дәрілік заттардың айналысы саласындағы өзара пайдалы әріптестікті тереңдетуге бағытталған іс-шараларды өткізу; бағдарламалармен, тәжірибемен және ақпаратпен алмасу; Қазақстан мен Корея өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға жәрдемдесу; денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы жағдай, өткізіліп жатқан реформалар, әлемдегі жай-күй мен үрдістер және т.б. туралы ақпаратпен алмасу.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-men-koreya-respublikasy-arasynda-densauly-sa-tau-zh-ne-leumettik-damu-salasynd-448344](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-men-koreya-respublikasy-arasynda-densauly-sa-tau-zh-ne-leumettik-damu-salasynd-448344)