---
title: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мониторингтің басталуы туралы хабарлайды"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аген..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-02-13T02:30:29+00:00"
modified: "2017-02-13T02:30:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-a-755556"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-a-755556/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мониторингтің басталуы туралы хабарлайды

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аген...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР «Атамекен» Ұлттық палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылғаны белгілі. Жол картасы аясында: денсаулық сақтау саласынан бастап, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызметті дамытуы, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, көліктік бақылау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ЖАО жүргізетін мемлекеттік сатып алу, салықтық және кедендік әкімшілендіру, табиғатты пайдалану және экология, ветеринариялық және санитарлық-экологиялық қадағалау, өртке қарсы және өнеркәсіптік қауіпсіздік, сот актілерін орындау саласына дейін, 16 салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға талдау жүргізу көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында ақпаратты барлық қолжетімді дерек көздерінен жинау жоспарланып отыр (Департаментке және кәсіпкерлер палатасына келіп түскен өтініштер, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың ресми хаттары, кәсіпкерлерден жұмыс тәртібімен ұсынылған мәліметтер, БАҚ-та шыққан материалдар, жалпыға қолжетімді деректер базасы және т.б. ). Аталған салалар бойынша талдау тек жекелеген өңірлерде ғана емес, Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізілетін болады. Атап айтқанда, Ақмола облысы жер қатынастары және көліктік бақылау салаларының мониторингі мен талдауын жүргізетін болады. Барлық қызығушылық танытқан мәселелер бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен 8 (716 2) 40-28-66 телефоны, [anticorruption1494@mail.ru](mailto:anticorruption1494@mail.ru) электрондық почтасы, сонымен қатар, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасымен 8 (716 2) 72-25-37, 72-25-38, 72-25-44 телефондары, сондай-ақ, [v.gerashenko@palata.kz](mailto:v.gerashenko@palata.kz), [r.syzdykov@palata.kz](mailto:r.syzdykov@palata.kz), [a.arapova@palata.kz](mailto:a.arapova@palata.kz), [o.suleimenov@palata.kz](mailto:o.suleimenov@palata.kz) электрондық почталары арқылы хабарласуға болады. ![](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc_0004_1.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-a-755556](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-a-755556)