---
title: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы жарнама"
description: "2017 жылғы 2 маусымда сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2017-05-31T04:43:21+00:00"
modified: "2017-05-31T04:43:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--768533"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--768533/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы жарнама

> 2017 жылғы 2 маусымда сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер...

2017 жылғы 2 маусымда сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.

![Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы жарнама](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/OfuSO0l874T9KjD6i3CHBN3PP30Qh5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--768533](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--768533)