---
title: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференция өткізу туралы ақпараттық хабарлама"
description: "2017 жылғы 17 сәуірде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істе..."
author: "finpolsko"
published: "2017-04-17T03:32:56+00:00"
modified: "2017-04-17T03:32:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--763805"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--763805/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференция өткізу туралы ақпараттық хабарлама

> 2017 жылғы 17 сәуірде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істе...

![Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференция өткізу туралы ақпараттық хабарлама](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/cfdXMqNuk3XUbIAER56MUu4cyX7Y1K.jpg)

2017 жылғы 17 сәуірде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру салалары бойынша қызығушылық таңытатын сұрақтар қоюға болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--763805](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--763805)