---
title: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы жарнама"
description: "2017 жылғы 17 сәуірде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-04-12T08:50:53+00:00"
modified: "2017-04-12T08:50:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--763308"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--763308/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы жарнама

> 2017 жылғы 17 сәуірде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер...

2017 жылғы 17 сәуірде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру салалары бойынша қызығушылық таңытатын сұрақтар қоюға болады. ![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/anti.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--763308](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttiginde--763308)