---
title: "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды"
description: "Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің орынбасары Талғат Ахсамбиев Қазақстан Республикасы ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-08T23:49:00+00:00"
modified: "2015-07-30T23:50:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-energetika-ministrligi-aza-stanny-zhasyl-ekonomika-a-k-shu-t-zhyrymdamasyna-en-521507"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-energetika-ministrligi-aza-stanny-zhasyl-ekonomika-a-k-shu-t-zhyrymdamasyna-en-521507/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды

> Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің орынбасары Талғат Ахсамбиев Қазақстан Республикасы ...

Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің орынбасары Талғат Ахсамбиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» көшу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Заң жобасы су ресурстарын одан әрі де тиімді пайдалану, жаңғыртылатын энергия көздері, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, тұрақты әрі жоғары деңгейде дамыған ауыл шаруашылығын дамыту, ауаның ластануын төмендету, қоршаған орта мен өмірдің экологиялық сапасын арттыруға бағытталған институционалды тетіктерге көшу мәселелерін қарастырады»,-деді Талғат Ахсамбиев.

Оның сөзінше, заң жобасындағы «жасыл» экономикаға қатысты өзгерістер 10 заңнамалық актіні қамтиды.

«Су ресурстарын тұрақты пайдалануға қатысты өзгерістер мен толықтырулар жер және су кодекстеріне қатысты және олар су нысандарын қорғанысын жетілдіру, суға деген зәрулікті жою, су ресурстарын пайдалануды жүйелі жоспарлау стандарттары мен мақсатты көрсеткіштеріне әсер ету арқылы су сапасын арттыру, ауыз сумен қамту жүйесін бақылауды күшейтуді қарастырады»,-деді вице-министр.

Бұған қоса ол энергиямен қамтамасыз ету, энергиятиімділігін арттыру мен электроэнергетика саласын дамыту бойынша «Жаңғыртылатын энергия көздерін кқолдаутуралы» және жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту мен мақсатты көрсеткіштерді өзгеру мақсатында осы саладағы заңнамаларға өзгерістер енгізілмек.

Қалдықтарды басқару бойынша, Экологиялық кодекс пен «Қазақстан Республикасы жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», заңдарға өзгерістер енгізілмек. Айта кететін болсақ, жалпы «жасыл экономиканы» дамыту жеті бағытта жүзеге асырылады:

- *Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу*

- *Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі*

- *Үшінші бағыт - ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы*

- *Төртінші бағыт –* *қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру*

- *Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру*

- *Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту*

- *Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару*

және осы бағыттардың барлығының мақсаты елдің табиғат байлықтарын сақтау.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23561/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-energetika-ministrligi-aza-stanny-zhasyl-ekonomika-a-k-shu-t-zhyrymdamasyna-en-521507](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-energetika-ministrligi-aza-stanny-zhasyl-ekonomika-a-k-shu-t-zhyrymdamasyna-en-521507)