---
title: "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысы"
description: "2017 жылы 20 сәуірде сағат 10.00-де департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков ҚР Президенті Н...."
author: "deptruda-sockst"
published: "2017-04-20T21:38:05+00:00"
modified: "2017-04-20T21:38:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-e-bek-zh-ne-haly-ty-leumettik-or-au-ministrligini-kezekten-tys-al-a-otyrysy-764285"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-e-bek-zh-ne-haly-ty-leumettik-or-au-ministrligini-kezekten-tys-al-a-otyrysy-764285/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысы

> 2017 жылы 20 сәуірде сағат 10.00-де департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков ҚР Президенті Н....

![Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/deptruda-sockst/TjS0v6Iz02Ty2BkozDnA7Z9GWFIDJI.png)

2017 жылы 20 сәуірде сағат 10.00-де департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков ҚР Президенті Н.Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде (бейнеконференциябайланыс режимінде) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысына қатысты.

Отырыс барысында келесідей мәселелер қозғалды:
- Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру (ҚР Президенті Н.Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде);
- 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында және 2017 жылғы 3 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы;
- Бюджетті орындау және түпкі нәтижеге қол жеткізу туралы.

Кездесу соңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына тапсырмалар берілді және ағымдағы 2017 жылға міндеттер қойды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-e-bek-zh-ne-haly-ty-leumettik-or-au-ministrligini-kezekten-tys-al-a-otyrysy-764285](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-e-bek-zh-ne-haly-ty-leumettik-or-au-ministrligini-kezekten-tys-al-a-otyrysy-764285)