---
title: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова 24 қыркүйек, бейсенбі күні Санк- Петербург қаласында өткен Еуразиялық әйелдер форумында баяндама жасады"
description: "Өз сөзінде Наталья Коржова Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының ..."
author: "minfingovkz"
published: "2015-09-25T06:05:24+00:00"
modified: "2015-09-25T06:05:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-arzhy-ministrligini-zhauapty-hatshysy-natalya-korzhova-24-yrk-yek-beysenbi-k-n-548397"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-arzhy-ministrligini-zhauapty-hatshysy-natalya-korzhova-24-yrk-yek-beysenbi-k-n-548397/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова 24 қыркүйек, бейсенбі күні Санк- Петербург қаласында өткен Еуразиялық әйелдер форумында баяндама жасады

> Өз сөзінде Наталья Коржова Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының ...

Өз сөзінде Наталья Коржова Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының шеңберінде интеграциялық процестер жағдайларында өткізіліп отырған Форумның өзектілігін атап өтті.

 

Заманауи басқару аппараттағы әйел рөлін және біздің қоғамымыздың ілгері дамуына әйелдердің қосқан үлесінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап өзін толерантты, унитарлық мемлекет ретінде жариялады, онда гендерлік теңдік, әділ бәсекелестік, ұлтаралық бірлік, табысты экономикамен бір тыныстап келе жатқанын атап көрсетті.

Н. Коржова Форумға қатысушыларға ел Президенті ұсынған «бұдан әрі мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамына» негізделген 5 институционалдық реформаны іске асыру туралы айтты.

Ол, сондай-ақ Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыпта өтетін «ЭКСПО - 2017» мамандандырылған халықаралық көрмеге қатысушы болатын Форумға келетін 85 елдің өкілдерін шақырды.

«ЭКСПО-2017 – бұл көрме объектілерін салуға 2014 жылы 500 млн. доллардан астам инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін елдің үлкен инвестициялық жобасы. Бір неше мың жұмыс орны құрылды (3000 адам шамасында)» - деп ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы мінбеден хабарлады.

Әйелдер Еуразиялық форумы 24 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында бастау алғанын еске түсіргіміз келеді. Іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 750 қатысушарды жинады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-arzhy-ministrligini-zhauapty-hatshysy-natalya-korzhova-24-yrk-yek-beysenbi-k-n-548397](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-respublikasy-arzhy-ministrligini-zhauapty-hatshysy-natalya-korzhova-24-yrk-yek-beysenbi-k-n-548397)