---
title: "Қазақстан Ресейге балмұздақ жеткізу жөнінен бірінші..."
description: "Оңтүстік Корея екінші орында. Фото: egemen.kz «РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың алғашқы үш айында Ресейге ең көп балмұздақ тасыған елдер Қазақстан мен Оңтүстік Корея екен. Қолжетімді мәліметтерге сәйкес, Қазақстан..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-02T06:29:20+00:00"
modified: "2024-06-02T06:29:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-reseyge-balm-zda-zhetkizu-zh-ninen-birinshi-oryn-a-shy-yp-otyr-1005219"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-reseyge-balm-zda-zhetkizu-zh-ninen-birinshi-oryn-a-shy-yp-otyr-1005219/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Ресейге балмұздақ жеткізу жөнінен бірінші...

> Оңтүстік Корея екінші орында. Фото: egemen.kz «РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың алғашқы үш айында Ресейге ең көп балмұздақ тасыған елдер Қазақстан мен Оңтүстік Корея екен. Қолжетімді мәліметтерге сәйкес, Қазақстан...

*Оңтүстік Корея екінші орында.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/c57dee4a0b094b6d03dbde938083d0.jpg)

*Фото: egemen.kz*

«РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың алғашқы үш айында Ресейге ең көп балмұздақ тасыған елдер Қазақстан мен Оңтүстік Корея екен.

Қолжетімді мәліметтерге сәйкес, Қазақстан солтүстіктегі көрші елге 2,3 млн доллардың балмұздағын жеткізіп, оның Ресейге басты тасымалдаушысы болған. Ал Оңтүстік Кореядан 1,2 млн доллардың балмұздағы жеткізіліпті. Сөйтіп, бұл екі елдің қаңтар-наурыз аралығындағы Ресейге аталған өнім тасымалындағы үлесі 88% болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-reseyge-balm-zda-zhetkizu-zh-ninen-birinshi-oryn-a-shy-yp-otyr-1005219](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-reseyge-balm-zda-zhetkizu-zh-ninen-birinshi-oryn-a-shy-yp-otyr-1005219)