---
title: "Қазақстан құрамасы бендиден Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды"
description: "Ресейдің Иркутск қаласында өткен бендиден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие бо..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-02T23:19:33+00:00"
modified: "2014-02-02T23:19:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ramasy-bendiden-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-atandy-398645"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ramasy-bendiden-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-atandy-398645/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан құрамасы бендиден Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

> Ресейдің Иркутск қаласында өткен бендиден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие бо...

[!\[Қазақстан құрамасы бендиден\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140202164607-300x184.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140202164607.jpg) Ресейдің Иркутск қаласында өткен бендиден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы alaman.kz хабарлады. Сайттың мәліметінше, біздің құрама үшінші орын үшін өткен кездесуде Финляндияны ұтты — есеп 5:3. Қазақстан жартылай финалда Швецияға жол берген, есеп — 3:4. Ресей мен Швеция алтынға таласқан додада ресейліктер жеңіс тұғырынан көрінді. Әлемдік деңгейдегі бәсекенің қола жүлдесін Қазақстан осымен бесінші рет иеленіп отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: [Әбу-Асқар Мекешұлы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/588)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ramasy-bendiden-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-atandy-398645](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ramasy-bendiden-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegeri-atandy-398645)