---
title: "Қазақстан құрамасы бенди турнирінің жеңімпазы"
description: "Допты хоккей бойынша Қазақстан құрамасы 7-қысқы Азия ойындарындағы турнирде толық жеңімпаз ат..."
author: "Dan4ik-Alban4ik"
published: "2011-02-06T02:59:37+00:00"
modified: "2011-02-06T02:59:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ramasy-bendi-turnirini-zhe-impazy-117043"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ramasy-bendi-turnirini-zhe-impazy-117043/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан құрамасы бенди турнирінің жеңімпазы

> Допты хоккей бойынша Қазақстан құрамасы 7-қысқы Азия ойындарындағы турнирде толық жеңімпаз ат...

### ***Допты хоккей бойынша Қазақстан құрамасы 7-қысқы Азия ойындарындағы турнирде толық жеңімпаз атанды. Ойын аяғына қарай жарыстар иесі Моңғолия құрамасын 16:2 есебімен ұтты. Қазақстандық хоккейшілердің қарсыластарынан әлдеқайда алда келе жатқаны бірінші таймның қорытындысында-ақ белгілі болған еді, өйткені бұл уақытқа дейін олар 7 доп соғып үлгерді. Хет-трикті өз есебіне жазған Рауан Исалиев болса, сондай-ақ соққы берген Николай Шавалдин, Владислав Новожилов пен Петр Грибановтар болды. Екінші таймда моңғолдық хоккейшілер екі доппен қарымтасын қайтара алды. Екі ретте де көзге түскен моңғолиялық спортшы Ган-Очир Цевеен (Gan-Ochir Tseveen). Алайда, бұған қарамастан, моңғолиялықтар біздің спортшылардың тағы тоғыз доп салуына жол берді. Қарсыластың қақпашысын қапаландырған Владислав Новожилов, Рауан Исалиев, Искандер Нугманов, Виталий Суетнов пен Петр Грибанов болды.***

***

![Қазақстан құрамасы бенди турнирінің жеңімпазы](http://www.astana-almaty2011.kz/Upload/NewsPhoto/%D0%9F%D0%BE%D1%81%D0%BB%D0%B5_%D1%84%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%87%D0%B0_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D0%9C%D0%BE%D0%BD%D0%B3%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%8F.jpg)

***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ramasy-bendi-turnirini-zhe-impazy-117043](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-ramasy-bendi-turnirini-zhe-impazy-117043)