---
title: "Қазақстан ҚР Қорғаныс министрлігінің қажеттілігі үшін ұшқышсыз аппарат шығарады"
description: "Қазақстандық инженерлер Elbit Sistems израильдік компаниясымен бірлесіп Sky-lark мен Hermes сериялар..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-16T04:16:00+00:00"
modified: "2016-09-30T03:54:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-r-or-anys-ministrligini-azhettiligi-shin-sh-yshsyz-apparat-shy-arady-713612"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-r-or-anys-ministrligini-azhettiligi-shin-sh-yshsyz-apparat-shy-arady-713612/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан ҚР Қорғаныс министрлігінің қажеттілігі үшін ұшқышсыз аппарат шығарады

> Қазақстандық инженерлер Elbit Sistems израильдік компаниясымен бірлесіп Sky-lark мен Hermes сериялар...

Қазақстандық инженерлер Elbit Sistems израильдік компаниясымен бірлесіп Sky-lark мен Hermes серияларының отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру мен шығаруға дайындалып жатыр, деді «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС ҰҰА бөлімінің жетекшісі Жанту Мамашев Қазақстанның машина жасаушыларының IV форумы аясында.

![Қазақстан ҚР Қорғаныс министрлігінің қажеттілігі үшін ұшқышсыз аппарат шығарады](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/Vqy59XbdiU3lmplbkLs2zIYUX4fH5c.jpg)

«Elbit Sistems израильдік компаниясымен бірлескен келісімдер аясында Sky-lark мен Hermes серияларның отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру қабылданды. Қазіргі таңда ұшқышсыз аппараттарды құрастыруға қажетті қондырғыларды жеткізу бойынша келісімдерді орнату қарастырылып жатыр», - деді Ж.Мамашев.

Оның айтуынша, келісімді орнату 2016 жылдың соңына дейін орындалады, қондырғыны жеткізу жарты жылдан жеті айға дейін созылады. Осыған орай, ҚР Қорғаныс министрлігінде бар ұшқышсыз аппараттарды техникалық қамсыздандыру 2017 жылы жүзеге асырылмақ.

«Бастыпқы кезеңде жылына ҰҰА 10 кешенін жинау жоспарланған, бұл көрсеткіш кейін жиырмаға жеткізіледі», - деді спикер.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Машина жасауды дамыту – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр.Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-r-or-anys-ministrligini-azhettiligi-shin-sh-yshsyz-apparat-shy-arady-713612](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-r-or-anys-ministrligini-azhettiligi-shin-sh-yshsyz-apparat-shy-arady-713612)