---
title: "Қазақстан Премьер-лигасы 23-ші туры ойындарының басталатын уақыты белгілі болды"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Футболдан Казақстан Премьер-лигасының 23-ші туры 17 және 18 тамызда өтеді, де..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-14T00:19:34+00:00"
modified: "2013-08-14T00:19:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-premer-ligasy-23-shi-tury-oyyndaryny-bastalatyn-ua-yty-belgili-boldy-368712"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-premer-ligasy-23-shi-tury-oyyndaryny-bastalatyn-ua-yty-belgili-boldy-368712/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Премьер-лигасы 23-ші туры ойындарының басталатын уақыты белгілі болды

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Футболдан Казақстан Премьер-лигасының 23-ші туры 17 және 18 тамызда өтеді, де...

[!\[Қазақстан Премьер-лигасы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/20130813200542-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/20130813200542.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Футболдан Казақстан Премьер-лигасының 23-ші туры 17 және 18 тамызда өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.Ел біріншілігінің екінші кезеңіндегі алғашқы матч 17 тамызда елордада өтеді. «Астана» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Ойынның басталуы 17.00-де. Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен турнирлік кестеде көш басында келе жатқан «Ақтөбе» арасындағы ойын сағат 17:30-да басталады 18 тамыз күні тағы төрт кездесу өтеді. Қостанайлық «Тобыл» талдықорғандық «Жетісуді» қабылдаса, ал өскемендік «Восток» «Таразбен» сынға түседі. Екі ойын да сағат 17:00-де басталады. «Атырау» пен оралдық «Ақжайық» арасындағы ойын сағат 19:00-де, ал алматылық «Қайрат» пен павлодарлық «Ертіс» матчы сағат 19:30-да бастау алады. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кезеңнен кейін 24 ұпаймен «Ақтөбе» топ бастап тұр. Екінші және үшінші орындарға жайғасқан «Астана» мен «Шахтердің» үш ұпайы кем.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-premer-ligasy-23-shi-tury-oyyndaryny-bastalatyn-ua-yty-belgili-boldy-368712](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-premer-ligasy-23-shi-tury-oyyndaryny-bastalatyn-ua-yty-belgili-boldy-368712)