---
title: "«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының шығармашылық ұжымы теледидардағы ең үздік журналистік жұмыс аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды"
description: "Біздікілер үздіктер қатарында! Астана қаласында «Алтын Гефест» ұлттық салалық байқаудың жеңімпаздар..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-26T15:30:43+00:00"
modified: "2015-06-26T23:37:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-pavlodar-telearnasyny-shy-armashyly-zhymy-teledidarda-y-e-zdik-zhurnalistik-zh-mys-atalymy--516911"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-pavlodar-telearnasyny-shy-armashyly-zhymy-teledidarda-y-e-zdik-zhurnalistik-zh-mys-atalymy--516911/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының шығармашылық ұжымы теледидардағы ең үздік журналистік жұмыс аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды

> Біздікілер үздіктер қатарында! Астана қаласында «Алтын Гефест» ұлттық салалық байқаудың жеңімпаздар...

**Біздікілер үздіктер қатарында!**

**Астана қаласында «Алтын Гефест» ұлттық салалық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Биыл алтыншы рет өткізілген конкурсқа 12 аталым бойынша 110 өтініш келіп түскен. «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының шығармашылық ұжымы теледидардағы ең үздік журналистік жұмыс аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.**

**

![«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының шығармашылық ұжымы теледидардағы ең үздік журналистік жұмыс аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/FY12qdeIimPIfiYqSXx9615APEENMT.jpg)

**

Алтын Гефест Ұлттық премиясы – тау кен, геология, металлургия және энергетика саласында үлестірлетін еліміздегі бірден бір марапат. Байқауды өткізудегі басты мақсат өндірісті кәсіпорындар мен ол жердегі мамандар еңбегін елге паш ету, үздіктерін дәріптеу. Ұйымдастырушы тарап - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. ҚП теларнасының тілшісі Құралай Рахымжанова бастаған шығармашылық топ Екібастұз өңіріндегі «Богатырь көмір» ЖШС тыныс тіршілігі негіз болған «өндірісті өлке» бағдарламасын байқауға қосады. Тақырыптың ашылуы, хабардың желісі барлық талаптарға сай келіп, ол үздік теледидарлық жұмыс деп танылады.

Түсірілім тобы құрамында режиссер Жанна Тұяқова мен оператор Асхат Аманбеков те бар. Жеңімпаздарға Астана қаласында салтанатты түрде алтындалған мүсінше мен арнайы диплом табысталды. Бұл байқау келесі жылы да жалғасатын болады.

**«Қазақстан-Павлодар» арнасының тарихы:** 1961 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Павлодар қаласында телеорталық құрылысын салу туралы шешім қабылдады. Осы жылдың көктемінде мұнараны монтаждау басталды.

1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет эфирге шықты.

2002 жылы Павлодар телестудиясында сантаңбалық телевизия дәуірі басталды. Ескірген жабдықтар түгелдей әлемдік деңгейдегі телевизиялық техника түрлерімен ауыстырылды.

2008 жылғы қыркүйектен бастап жалпы алаңы 300 шаршы метрлік телевизияның үлкен студиясындағы арнайы жарықтандыру құралдары тұтастай өзгертілді.

2009 жылы жылжымалы телевизия станциясы ( ПТС) алынды.

2013 жылы «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы толығымен жаңарып, жаңаша бетбұрыс, жаңа қарқынмен жұмыс істеді. Оған дәлел – эфирдің бет-бейнесінің, бағдарлама атауларының жаңаруы, түрлі аңдатпалар, студиядағы дизайн және жаңа маусымдағы жаңа жобалар, жас дикторлардың эфирге шығуы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-pavlodar-telearnasyny-shy-armashyly-zhymy-teledidarda-y-e-zdik-zhurnalistik-zh-mys-atalymy--516911](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-pavlodar-telearnasyny-shy-armashyly-zhymy-teledidarda-y-e-zdik-zhurnalistik-zh-mys-atalymy--516911)