---
title: "«Қазақстан-Павлодар» телеарнасы 50 жылдығын атап өтуде"
description: "Павлодар облыстық телеарнасының жартығасырлық тойын өңір жұртшылығымен бірге бөлісу үшін Мәдениет үй..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-11T10:13:41+00:00"
modified: "2015-11-11T10:13:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-pavlodar-telearnasy-50-zhyldy-yn-atap-tude-636596"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-pavlodar-telearnasy-50-zhyldy-yn-atap-tude-636596/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы 50 жылдығын атап өтуде

> Павлодар облыстық телеарнасының жартығасырлық тойын өңір жұртшылығымен бірге бөлісу үшін Мәдениет үй...

Павлодар облыстық телеарнасының жартығасырлық тойын өңір жұртшылығымен бірге бөлісу үшін Мәдениет үйінің акт залында сағат 11.00-ден 13.30-ға дейін салтанатты жиналыс өтеді.

![«Қазақстан-Павлодар» телеарнасы 50 жылдығын атап өтуде](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/69Qg2p78x9oYC51B4XiU3xKpFPzmhX.jpg)

Оны көрермендеріміз сол күні тікелей эфир арқылы көре алады. Сол жиында «Қазақстан -Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арналған «Аймақтың басты арнасы – Главный телеканал Прииртышья» кітабының тұсауы кесіледі.

Сағат 15:00- 16:00 «Қазақстан - Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арналған «Аймақтық БАҚ-тың қоғамдағы ролі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Қазақстан - Павлодар» телеарнасы мен Ресей Федерациясы Алтай мемлекеттік телерадиокомпаниясы арасындағы Меморандумға қол қойылады.

Алыстан келген меймандармен «Қазақстан - Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арнап безендірілген трамваймен шағын экскурсия жасап, Павлодар қаласының көрікті жерлерін аралап көрсету жоспарланып отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-pavlodar-telearnasy-50-zhyldy-yn-atap-tude-636596](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-pavlodar-telearnasy-50-zhyldy-yn-atap-tude-636596)