---
title: "Қазақстан Парламенті 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер көлемдерін бекітті"
description: "ҚР Парламентінің Мәжілісі Парламент Сенатының «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-11-23T03:14:00+00:00"
modified: "2016-11-30T11:15:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-parlamenti-2017-2019-zhyldar-a-arnal-an-transfertter-k-lemderin-bekitti-732055"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-parlamenti-2017-2019-zhyldar-a-arnal-an-transfertter-k-lemderin-bekitti-732055/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Парламенті 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер көлемдерін бекітті

> ҚР Парламентінің Мәжілісі Парламент Сенатының «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық ...

ҚР Парламентінің Мәжілісі Парламент Сенатының «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістерімен келісті.

![Қазақстан Парламенті 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер көлемдерін бекітті](http://utmagazine.ru/uploads/content/1604c7_orig.jpg)

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» заң жобасы 17 қарашада ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында қаралған. 2017-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, Сенат осы заң жобасына 4 түзету енгізді, оның ішінде 3 түзету Алматы қаласынан жыл сайын 1,8 млрд теңге сомасына бюджеттік алымдар көлемін азайтумен байланысты, бұл қаражат Универсиада-2017 үшін салынған «Алматы Арена», «Халық Арена» көп функционалды мұз кешендерін күтіп-ұстауға арналған. Осы объектілерді күтіп ұстау Алматы қаласының бюджеті есебінен жүргізіледі. Осыған орай, бюджеттік алымдардың сомасын азайту жоспарланып отыр», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Депутаттың айтуынша, бір түзету өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа бағдарламаның әзірленуіне байланысты, №7 қосымшаның тақырыбын өзгертуге қатысты.

«Осылайша, Сенат енгізген түзетулер осы заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді. Қаржы және бюджет комитеті ҚР Парламентінің Мәжілісіне ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен келісуді ұсыну мүмкін деп санайды», - деп қосты О. Өксікбаев.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-parlamenti-2017-2019-zhyldar-a-arnal-an-transfertter-k-lemderin-bekitti-732055](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-parlamenti-2017-2019-zhyldar-a-arnal-an-transfertter-k-lemderin-bekitti-732055)