---
title: "Қазақстан қоржынына алтыншы алтын түсті"
description: "Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар 6..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-13T04:40:42+00:00"
modified: "2015-07-13T04:40:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-orzhynyna-altynshy-altyn-t-sti-521263"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-orzhynyna-altynshy-altyn-t-sti-521263/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан қоржынына алтыншы алтын түсті

> Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар 6...

[!\[Қазақстан қоржынына алтыншы алтын түсті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150712165002-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150712165002.jpg)

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар 6-шы алтын медальға қол жеткізді.

Бұл туралы Спорт.кз хабарлады. Жеңілатлетші қыздар арасындағы спринтерлік эстафетада (4×100) жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмеді. Құрамында Виктория Зябкина, Светлана Иванчукова, Юлия Рахманова, Анастасия Тулапина бар біздің команда — бірінші, америкалықтар — екінші, таиландтықтар үшінші орын алды. Айта кетейік, кеше сырықпен секіруден Никита Филлипов 5 метр 50 см биіктікті бағындырып, құрама қоржынына 5-алтынды салған болатын.

Басты сөздер: [Спорт](http://inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-orzhynyna-altynshy-altyn-t-sti-521263](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-orzhynyna-altynshy-altyn-t-sti-521263)