---
title: "Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен ЕҚЫҰ қару-жарақты қысқартудың сапалы жүргізілуін қолдайды"
description: "Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспециялық..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-11-21T00:42:36+00:00"
modified: "2013-11-21T00:44:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-or-anys-ministrligi-men-e-y-aru-zhara-ty-ys-artudy-sapaly-zh-rgiziluin-oldaydy-385885"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-or-anys-ministrligi-men-e-y-aru-zhara-ty-ys-artudy-sapaly-zh-rgiziluin-oldaydy-385885/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен ЕҚЫҰ қару-жарақты қысқартудың сапалы жүргізілуін қолдайды

> Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспециялық...

**

![Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен ЕҚЫҰ қару-жарақты қысқартудың сапалы жүргізілуін қолдайды](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/21112013/2.jpg)

Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспециялық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың Астанадағы ЕҚЫҰ орталығымен және Тәжікстандағы ЕҚЫҰ кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған «Сапаны және жарылыс қауіпті заттардың тәуекелін қысқарту жөніндегі ақпаратты басқару және оған ден қою» атты өңірлік конференция өтті.**

Конференцияны өткізу ҚР Қорғаныс министрлігінің Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының әскери-саяси өлшемдегі міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі болып табылады.

Әскери инспекторлар ЕҚЫҰ әскери-саяси өлшемдері, жарылыс қауіпті заттар тәуекелдері проблемалары, сапаны және жарылыс қауіпті заттардың тәуекелін қысқарту жөніндегі ақпаратты басқару және оған ден қою, жарылмай қалған оқ-дәрілерді жою және миналарды гуманитарлық залалсыздандыру, инженерлік және басқа да оқ-дәрілерді сақтаудың физикалық қауіпсіздігі және оны басқару бойынша дәрістер оқыды.

Конференцияға қатысушылар – Қырғызстанның, Тәжікстанның, Ауғанстан мен Моңғолияның әскери-дипломатиялық өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Бас штабының әскери қызметшілері ЕҚЫҰ кеңістігінде минаға қарсы салада пікір алмасты.

Конференцияға қатысушылар үшін Құрлық әскерлерінің әскери институтында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инженерлік-саперлық жабдықтары көрсетілді.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-or-anys-ministrligi-men-e-y-aru-zhara-ty-ys-artudy-sapaly-zh-rgiziluin-oldaydy-385885](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-or-anys-ministrligi-men-e-y-aru-zhara-ty-ys-artudy-sapaly-zh-rgiziluin-oldaydy-385885)